Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Сайлау жүйесі: түсінігі және түрлері



бет39/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Сайлау жүйесі: түсінігі және түрлері:
Дүниежүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алған мандаттар арасындағы тепе-теңдік қағидасынан құрылады. Тепе-тең жүйемен жұмыс істеу үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Бірінші, үлкен аумақтық сайлау округтерін құру қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші, тепе-тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет. Қазақстандағы саяси партиялардың әліде болса әлсіз жұмыс жасауы және азаматтардың елеулі бөлігінің мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласпауы біздің елімізде тепе-тең сайлау жүйесін құруға мүмкіндік тұғызбай отыр.
Мажоритарлық сайлау жүйесінің абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажоритарлық жүйеде сайлаушылардың 50 пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат сайланған болып есептелінеді.
Мажоритарлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс берген және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санына қарамастан өткен болып есептелінеді, ал егер оған сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25 пайыздан астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептелінеді. Қазақстан Республикасында абсолюттік көпшіліктің мажоритарлық сайлау жүйесі қабылданған.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп – Қазақстан Республикасы Конституциясының және Президенттің «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» конституциялық заң күші бар жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де сондай-ақ жанама да сайланатын сайлау тәртібі түсіндіріледі.
М.В. Баглай сайлау жүйесін тар мағынада «дауыс берудің нәтижесін анықтау тәртібі ретінде» деген анықтама береді, сонымен қатар, осы мағынада жүйенің екі негізгі түрін ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет