Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi 1) Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министрдi тағайындағаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде оның енгiзген ұсынысы бойынша Үкiмет құрылымын айқындайды , Республиканың Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкiмет мүшелерiн қызметке тағайындайды; сыртқы iстер, қорғаныс, iшкi iстер, әдiлет министрлерiн қызметке тағайындайды; Үкiмет мүшелерiн қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды ;
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi;
7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады;
8) Республика Үкiметi мен Премьер-Министрi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжiлiсi не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды ;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшiнде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi.