Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi



бет48/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi:
1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды , конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;
2) Республика Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш бiлдiредi;
3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.
Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттiгi:
1) Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiн негiзге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшiн Парламент Сенатына ұсынады;
2) Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша жергiлiктi және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды ; оны қызметтен босатады.
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды .
Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екi мүшесiн тағайындайды;
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi;
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөнiндегi хабарламасын тыңдайды.
Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкiмдерiн қызметке тиiсiнше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келiсiмiмен тағайындайды ;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;
3) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды;
4) өз қалауы бойынша әкiмдердi қызметiнен босатуға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерiне тиiстi мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сенiмсiздiк бiлдiрген жағдайда, оларды қызметтерiнен босатуға хақылы.
4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың, селолардың (поселкелердiң) әкiмдерiн тағайындаудың немесе сайлаудың тәртiбiн белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет