Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет51/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Бақылау сұрақтары:

  1. Президент өкілеттілігін ұзртуға қатысты өткізілген референдумғ қатысты өз ойыңызды талдау

  2. Президенттің мемлекеттік органдармен арақатынасы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)

2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.


9-дәріс. ҚР-сы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Дәріс жопары:

  1. Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы және дамуының тарихы

  2. Қазақстан Республикасының Парламентінің құрылу тәртібі және құрамы

  3. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны

  4. Парламент депутаттары және олардың құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы және дамуының тарихы:
Конституциялық құқық институтының бірі ретіндегі Парламент тарихы тым әріден басталады. Мәселен, ағылшын Парламенті XII-XIII ғасырлары пайда болған.
1917 жылғы 21 қарашада қырғыз газетінде Алаш партиясының бағдарламасы басылғанда-үкіметке бақылау құқығы болатын, мемлекеттік думаның қолына заң шығарушылық билікті тұрақтандыру қажеттілігі туралы айтылған.
1920 жылғы 6 қазанда Қырғыз (Қазақ) АССР еңбекшілерінің құқықтарының Декларациясында, барлық билік-заң шығарушы, атқарушы, және бақылаушылық толығымен және тек қана еңбекші халыққа жату керектігі туралы айтылған болатын.
1937 жылы 26 наурызда X-шы Жалпықазақ Кеңестер Съездінде қабылданған Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясында («Негізгі заң») Қазақ КСР-нің саяси негізін еңбек депутаттарының Кеңестері құрайды, ал Қазақ КСР-ндегі барлық билік еңбекшілер депутаттарының Кеңестері түрінде қала, ауыл және деревня еңбекшілеріне жатады деп жазылған
Қазақа КСР-нің Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің жалғыз ғана заң шығарушы орган болған.
Сонымен, Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған "бір буынды" өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді.
Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген республика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді.
Демократиялық мемлекетті орнатудағы соңғы кезеңі болып – бірінші рет мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидасы жарияланған, 1990 жылы 25 қазанда ҚКСР-дің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды.
Осылай, Қазақстанның саяси өмірінде біртекті емес оқиға болды. Кеңестер нысанындағы өкілді органдардың жүйесі құлады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Конституцияның Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергендігі сондай, мемлекеттік билікті бөлісу принципі шын мәнінде мүлдем болған жоқ. Сонымен бірге тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де орнықтылмады. 1993 жылғы Конституция мемлекеттік биліктің қайшылықты құқықтық базасын жасады.
1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды, ал одан кейін 1995 жылы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заң қабылданды, және оған сәйкес 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлау өткізілді.
Осылай, қазіргі Парламент «заң шығару функцияларын жүзеге асыратын, Республиканы жоғарғы, өкілді органы» болып табылады. Парламент қызметінің құқықтық негіздері Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері және комиссиялары туралы» заңмен, Парламент және оның палаталарының Регламенттерімен және Республиканың басқа да заңнамалық актілерімен орнатылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент депутаттарының өкілеттігі оларды Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаттары ретінде тіркеген сәтінен басталады.
Жаңадан құрылған Парламентті Республика Президенті сайлаудың қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет