Қазақстан Республикасының Парламентінің құрылу тәртібі және құрамы: Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республикасының ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан-Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 49-бабына сәйкес Парламент Республикасы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы алғаш рет Парламенттің екі палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті.
Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады.
Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды. Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді.
Сонымен, 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Парламент құзыреттері:
1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында;
2) Сенаттың ерекше қарауында;
3) Мәжілістің ерекше қарауында жүзеге асырылады..
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазіргі өзгерістер мынадай. Қазақстан Республикасының Конституцияның 50 бабына сәйкес мынандай өзгерістер енгізілді: «Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды».
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутатты бола алады.
Қазақстан Республикасының Конституцияның 82-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынысымен Сенат сайлады.
Мәжіліс-Парламенттің төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.