Президенттің қызметінен кетіріуінің тәртібі: Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі институты Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан бостау және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгіленген. Президент өзінің міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Мұндай жағдайда Жоғарғы Соттың тағылған кінәнің негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болуы тиіс. Егер кінә тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім қабылдамаса, Президентке қарсы қойылған кінә қабылданбай тасталған деп танылады. Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылады.
Дәріс нығайтатын тапсырмалар: Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және олрдың зңи күші