Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi: 1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды ;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелерi өкiлеттiктерiнен айырылған немесе олардың өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда бiр ай мерзiмде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды ;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады ;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды ;
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады ;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады ;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттiң кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады;
8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бiр ай iшiнде қол қояды, заңды халыққа жария етедi не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, бiр ай iшiнде заңға қол қояды ;
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына заңнамалық актiлер жобаларын өзiнiң арнайы жолдауымен енгiзедi ;
10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге , сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкiметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;
13) Конституцияда көзделген тәртiппен Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарата алады .