Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)
2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
8-дәріс. ҚР-сы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Дәріс жопары: 1. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi және Президенттiң айырым белгiлерi
2. Президенттің негізгі өкілеттіктері
3. Президент сайлауының ерекшеліктері
4. Президенттің қызметінен кетіріуінің тәртібі
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi: Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды .