Біріншіден; Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы бірден бір субъект болып табылады.Оның үстіне мұндай шешімді Президент жеке бастамасы бойынша қабылдай алады.
Екіншіден; Парламент республикалық референдумды тағайындау туралы тек бастама білдіре алады, осындай бастамамен Парламент Президетке жүгіне алады. Парламенттің республикалық референдум өткізу туралы бастамасын Президенттің қолдауына да, қолдамауына да құқығы бар.
Үшіншіден, 1995-ші жылғы Конституция республикалық референдумды Республика қызметінің негізгі қағидаларының бірі ретінде орнықтырады.
Конституция қағидалары негізінде және оны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1995-ші жылы 2 қарашада «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң күші бар жарлық шығарды.
Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығымен еріктілік қағидаларының негізінде жалпыға бірдей тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі.
Республикалық референдум – мемлекеттік маңызы бар саяси шара. Оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық бірлестіктер ғана қатыса алады.
Конституция бойынша референдум тағайындау туралы бастамашылық құқығы бар субъектілер Президент, Парламент және сайлау құқығына ие азаматтарда бола алады.
Президенттің республикалық референдум туралы жарлығы референдум тағайындауға бастамашылық ққығы бар субъектілердің өрісін кеңейтті. Жарлық Парламенттің референдум тағайындау туралы бастама жасау рәсімін нақтылады. Парламенттің бастамасы әр Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен, оның палаталарының бірлескен отырысында жүзеге асырылады, және мұндай бастама қаулымен рәсімделеді.
Референдум тағайындау және оны әзірлеу:
Реферерендум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.
Референдум тағайындау бастамашылығы Қазақстан Республикасының Президентінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде болады, ол референдум тағайындау туарлы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей білдіріледі. Бастамашылық көтеруді Парламент өз Палаталарының бірлескен отырысында әр Парламент палаталары бірлесіп әділ және палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады және тиісті қаулымен рәсімделеді.
Бір ғана мәселе бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгізілуі мүмкін және оларды Республика Президенті аталған мәселе жөнінде алдыңғы шешім қабылдағаннан кейін кемінде екі жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды.
Республикалық референдум тағайындау жөніндегі мәселе бойынша бастамашылықтың құрылуы азаматтар көтерген жағдайда құрамында Қазақстан Республикасының әр облысынан, Астанасынан және Республикалық маңызы бар қалалардан кемінде үш-үштен өкіл кіретін референдум бастамашылық тобы құрылады. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бірақ Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемінде отыз-отыздан өкілдер қатысқан жиналыста құрылады.
Жиналысты өткізу кезінде кемінде он күн бұрын оның бастамашылары аумағында жиналыс өткізілетінін жергілікті-атқарушы органға жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жазбаша хабарлануы тиіс. Жиналыс алдында жиналысқа қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Олардың міндетті түрде тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері және Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелі көрсетілген күні жасалады. Референдумның бастамашылар тобының мүшелері жиналысқа қатысушылардың көпшілігі дауысымен саналады.
Рефередумның бастамашылық тобы орталық сайлау комиссиясына тропты және ол референдумға ұсынған мәселені тіркеуді сұрап, өтініш береді. Тіркеу мынандай құжаттар болғанда жүргізіледі:
топты тіркеу және ол референудмға ұсынылатын мәселені тіркеу туралы өтініш;
Бастамашылық топ құрған жиналыстың хаттамасы;
Бастамашылық топ мүшелерінің тізімі.
Республикалық референдум өткізу мерзіміне референдум өткізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кем емес мерзімде өткізіледі.
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ оладың лауазымды тұлғалары референдум комиссияларының өз өкілеттілігін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесіп отыруға, өзге де көмек көрсетуге міндетті.