Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Сайлау құқығының тағы бір маңызды қағидасы–тең сайлау құқығы



бет38/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Сайлау құқығының тағы бір маңызды қағидасы–тең сайлау құқығы. Онда сайлау құқығына ие барлық азаматтардың, олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітпей сайлауға қатысуы көзделеді. Бұл қағиданың ережелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 5-бабында бекітілген: Сайлаушылыр Президент, Парламент Мәжілісінің және маслихаттарының депутаттары сайлауына, сонымен қатар, республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады, ал кандидаттарға сайлауда тең құқық пен жағдай кепілденеді.
Тең сайлау құқығы азаматтар сайлауға тең негізде қатыса алады және сайлаушы тек бір сайлау округінің тізіміне тіркеледі және сайлауға бір мәрте ғана қатыса алады дегенді білдіреді.
Төте сайлау құқығы:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң сайлау құқығының төте және жанама қағидаларын бекітеді. Төте сайлау құқығы Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің мен маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азаматтар тікелей сайлай алатындығын білдіреді.
Жанама сайлау құқығы:
Азаматтардың жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауда қолданылады. Онда сайлаушы өзі қалаған кандидатқа тікелей дауыс бере алмайды, оны таңдаушылар – яғни маслихат депутаттары болып табылатын Республика азаматтары жүзеге асырады. (Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңның 7 бабы).
Жасырын дауыс беру:
Жасырын дауыс беру сайлаушылардың еркін білдіруін қадағалау мүмкіндігін жояды, бұл сайлаушыға өз еркін, өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан заң шығарушылар жасырын дауыс беруді қамтамасыз ету -сайлау органдарының бірінші дәрежелі міндеті және сайлау құқығының маңызды қағидаларының бірі ретінде қарайды.
Қазіргі Қазақстандық сайлау құқығының негізі болатын қағидалар жиынтығы халық билігінің маңызды конституциялық институттарының бірі ретінде сайлаудың демократиялық табиғатын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабын алып қарағанда сайлау құқықтарын азаматтардың сайлау арқылы мемлекетті басқаруға қатысу құқығы деп айтуға болады. Азаматтардың сайлау құқықтарын анықтаудың басқа нұсқалары да әрекет етеді . Сайлау құқығына жалпы түсіндіру келтірсек, Азаматтардың демократиялық сайлаудың қағидаларына сәйкес, сайлау және сайлану арқылы, мемлекеттік және жергілікті істерді басқаруға қатысуы түріндегі заңды мүмкіндіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет