Дәріс нығайтатын тапсырмалар:
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалрдың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының Президенті құқықтар мен бостандықтардың сақталуының тікелей кепілі ретінде
Бақылау сұрақтары:
Азматтық ұғымы мен белгілері
Азаматтық туралы заңға талдау жасау
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)
2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
7-дәріс. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау үрдісі.
Дәріс жопары:
1. Қазақстан Республикасындағы халық билігінің жүзеге асырылуының нысандары
2. Сайлау және сайлау құқығы: түсінігі, түрлері, және қағидалары
3. Сайлау жүйесі: түсінігі және түрлері
4. Референдум: түсінігі және оны тағайындау мен әзірлеу
Қазақстан Республикасындағы халық билігінің жүзеге асырылуының нысандары:
Демократияны – халық билігі дейміз. Демек оның бірінші баспалдағы, бастауы – сайлау болып табылады. Себебі бір мемлекеттік билік басында бүкіл халық отыра алмайды, сондықтан халық өз билігін өздерінің сайлаған өкілдері арқылы билік етеді – бұл аксиома. Ал сайлауға түсіп сайлану үшін немесе сайлау үшін адамның еркіндігі мен бостандығының болуы шартты. Яғни, айтқанда демократиялық мемлекетте адам құқықтары кең өріс алады. Осы екі мәселе бірінші тарауда нақты жазылып оның мазмұны мен сипатына үңіле түскен.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрып жатқандар үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары қүнділіқ болып табылады.
Демократия –(demos – халық, kratein – билік жүргізу) грек тілінде «халық билігі» деген ұгымды білдіреді. Қазіргі кезеңде бұл сөздің мағынасы өте кең, мемлекеттің түрі және саяси жүйесі де халық билігіне азаматтардың жеке басының еркіндігіне қатысты тағы басқа мәселелердің барлығы осы ұғымның аясына кіреді.
Демократияны- азаматтардың бәрінің де көңілінен шығатын өмір бойы асыл мұрат деп түсінбеуіміз керек. Демократияның артықшылығы да осында, ол өзінің кемшіліктерін әлі де шешімдерін таба алмай жатқан мәселерін бар екендігін ешқашан жасырмайды. Сол бір қиын түйіндерді қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндік туғызады.
Халық билігі халықтың өздері шығарып өздері бекіткен заңдар арқылы ғана жүзеге асады. Көп жағдайда демократия ұғымы бостындық, «Еркіндік» сөздерімен қатар қолдауында болады. Мағыналары жақын болғанымен бұл сөздер бір ұғымды білдірмеіді. Әрине, демократия еркіндіктің негізінде өмір сүреді, бірақ оның жүзеге асуының басты шарты сол қоғамдағы заңдардың жиынтығы болып табылады. Демократиялық қоғам – мемлекеттік заңдары мойындайтын азаматтардың қоғамы. Қысқасы – демократия еркіндіктің заңмен берілетін (немесе шектелетін) көрнінісі.
Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдер арқылы жүргізеді. Халықтың өкіметті басқаруы – аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық азаматтарының жаппай үкімет орындарына немесе заң шығару орныдарында отыруын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Және мойындауымыз керек, мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Олардың міндеті – халықың ұсанған мәселесін, көрсеткен жобасны жүзеге асуры. Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар «Машинаны бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын көз алдарынызға елестеп көріңіздерші, - деп дау айтады, - біреуі рульді бұрып, енді біреуі жалдамдықты басып, үшіншісі – тежегішті жібермей келе жатса, не болады? Одан да, басқаруды бір адамға тапсырмайық, қайда баратынымызды, қалай жүретінімізді соның өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымызды, қалай жүретінімізді соның өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаның ішіндегі жолаушылар боламыз...»
Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері сайлаған өкілдерінің билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп. Бірақ ең негізгі жол – қоғамдағы жариялықтың сақталуы.
Жоғарыда айтылып кеткендей өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қайсы бір мемлекеттік тармақтарының биліктің конституциялық және басқа да нормативтік құқықтық нормаларының шегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтық өкілеттігін шектеуі және айналып келгенде биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін Конституцияда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |