Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі



бет33/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі:
Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарына сәйкес жүзеге асады. Қазіргі таңда халықаралық келісім-шарттар төмендегі мемлекеттермен түзілген:

Көрсетілген мемлекеттердің әрқайсысы өздерінің азаматтарына, басқа елдің аймағында тұрақты тұруға, азаматтықты алуға жеңілдетілген (тіркеу) тәртібін беруді парызданды. Оның төмендегі шарттар бойынша беріледі:

  • егер өтініш беруші Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей федерациясының азаматтығында немесе Кеңестер Одағы азаматтығында тіркеліп, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін сол ел территориясында тұрса;

  • егер өтініш беруші заңды негізде тұру мерзімінен тыс басқа едің территориясында тұрақты тұрған болса(Украина);

  • өтініш берушіде көрсетілген мемлекеттерде туысқан азаматтары болған жағдайда: жұбайы(қалыңдығы), ата-аналар (асырап алғандар), балалар (асырап алғандар), әпкелері, ағалары, әжесі немесе атасы, тұрақты тұрушы және азаматтықты қабылдайтын елдің азаматтары болса.

Жеңілдетілген тәртіп көрсетілген мемлекеттер азаматтарына таратылады. Оларға азаматтықты алатын мемлекеттерінің аймағында тұрған мерзіміне байланыссыз беріледі.
ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алу үшін, өтініш беруші өзінің тұратын жеріне байланысты көші-қон полиция бөліміне өтінішімен бару тиіс. Өтініш-сауалнамасы облыстың ІІБ бас басшысының атына жазылады. Өтініште азаматтықты қабылдау себептері көрсетілуі тиіс.
Егерде адам жеңілдетілген тәртіп халықаралық келісім-шарты түзілмеген ТМД елінің немесе алыс шетел мемлекетінің азаматы болса және ҚР азаматтығын алғыңыз келсе облыстық көші-қон полиция Басқармасына қолдаухат-өтінішпен баруы тиіс. Бұл жағдайда қолдаухат-өтініші Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі
Барлық өтініш-сауалнамасы және өмірбаян даналары өтініш берушінің өзімен толтырылып, толтырған уақыты көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенті атына жазылған азаматтықты қабылдау жөніндегі мағлұматтар тұрақты тұратын жеріне байланысты көші-қон полиция бөлімдеріне бересіз Көші-қон полиция қызметкерлері жиналған құжаттарды облыстық көші-қон полиция ІІМ Басқармасына береді. Әрбір өтініш бойынша мағлұматтар жеке түрде қарастырылады. Сонымен қатар талап етілген құжаттар жағдайға байланысты әр тұрғыда болып келеді.
Облыстық ІІД толтырылған құжаттардың толыққандығын және дұрыстығын тексеріп, қолдаухатқа қолдау берілу мүмкіндіктерін шешеді. ҚР азаматтығы туралы өтініш Қазақстан Республикасы Президентіне қарастыруға жіберіледі. Көші-қон полиция Басқармасына құжатты қарау үшін 1 ай бөлінген. Азаматтықты қабылдау туралы мағлұматтарды қарастыру үшін «Азаматтық туралы» заңына сәйкес – алты ай ішінде шешім шығады.
Егерде адам Қазақстан Республикасы аймағынан тыс жерде өмір сүрсе, онда азаматтыққа қабылдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті атына өтініш өкілеттік мекемелер арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет