Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет35/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Тежемелік – ол билік тармақтарының қызметін заң шенберінде ұстаудық Конституциялық әдісі. Парламент заң шығарушы қызметін тек Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша жүзеге асыра алады. Конституцияда көрсетілмеген басқа қоғамдық қатынастар заңға актілермен реттеледі. Жоғары сот тек тәжірбиесі, тағы басқа мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдауға құқылы.
Тепе-теңдік – ол өзінің Конституциялық өкілеттігін қорғау және Конституциялық бұзылуына жол бермеу үшін бір билік тармағының екінші бір билік тармағына қарсы әрекет жасайтын конституциялық әдістер. Парламенттің Конституцияға қарсы әрекет келетін қабылдауына қарсы әрекет қолдану үшін Президентке тыйым салу құқығы берілген. Егер Ұкіметтің алдында тұрған және басқа міндеттерге анық бағдарламасы жауап алмаса Парламент оны қабылдамай тастауға құқылы.
Сайлау және сайлау құқығы: түсінігі, түрлері, және қағидалары:
Тікелей демократия институттарының ішіндегі ең бастысы-сайлау, ол мемлекет ісін басқаруға азаматтардың кең көлемде қатыса алатын формасы.
Сайлау арқылы мемлекет органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қалыптастырылады және олардың құрамы анықталады.
Демек, сайлау арқылы азаматтар өз сенімді өкілдерін мемлекеттік органдарға сайлай отырып билікке қатысу мүмкіндіктерін жасай алады.
Сонымен сайлау дегеніміз- мемлекеттік билікті құрудың демократиялық жолы болып табылатын конституциялық құқықтық институттардың бірі болып табылады. Яғни халық билігінің тікелей көрінісі.
Қазқстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңында көосетілгендей, сайлау-бұл бір мандатты алу үшін бірнеше кандидаттардың бәсекелестігі, мемлекеттік оргнадарды құру және лауазымды тұлғаларға өкілеттіктер беру процедурасы.
Сайлаудың келесідегідей түрлері анықталған. Олар:

  • Төте және жанама;

  • Жалпы мемлекеттік және аумақтық;

  • Толық және жартылай;

  • Кезекті және кезетен тыс және т.б.

Төте сайлау- бұл азаматтардың өз еріктерін тікелей білдіруі.(Президент және маслихат депутаттарын сайлауда көрінеді.)
Жанама сайлау-мемлекеттік органдарды белгілі бір ұжыммен (АҚШ Президенті) немесе халық таңдаушыларының сайлауы (бізде сенат депутаттары сайланады.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет