Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығы: Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының болуына рұқсат етілген аумағында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтарымен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған өкілеттілік берілген органдарының актілерімен белгіленеді.
Салықтар мен алымдар: Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негізде салықтар мен алымдар салынады.
Әскери міндеттілікке қатынас: Жалпыға бірдей әскери міндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамарға қолданылмайды.
Жауапкершілік негіздері:Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкімшілік жіне басқа құқық бұзған шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауапкершілік жүктеледі.
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған, яғни тұруға құқық беретін құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тіркелудің немесе жүріп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгіленген тәртібін сақтамаған, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азамттарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған шетел азаматына оның Қазақстан Республикасында болу жөнінде белгіленген мерзімі қысқартыдуы мүмкін. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзімі одан әрі болуы үшін негіздері қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкін.
Шетел азаматтары мына жағдайларда:
егер оның іс-әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса;
егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиетін сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
егер ол Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының кедендік, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса, Қазақстан Республикасының шегінен қуылуы мүмкін.
Қуып жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының бұған өкілдік берілген мемлекеттік органдары қабылдайды. Шетел азаматы осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Кетуден жалтарушылар мұндай жағдайда соттың саңкциясы бойынша ұсталуға және ықтиярсыз қуылуға жатады. Бұл орайда қуып жіберу үшін қажет мерзімге ұстап қалуға жол беріледі.