Денсаулық сақтау:Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы.
Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы азамттарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру: Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары әлеуметтік қамсыздандыру мәселесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқытарын пайдаланады және солар сияқты міндеткерлікте болады.
Егер зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін белгілі бір еңбек өтілімі талап етілсе, шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген негіздер мен тәртіпте лоардың шетелдегі жұмыс өтілімін есептеуге болады.
Меншік құқығы:Қазақстан Республикасында тұрақтаы тұратын шетел азаматтары тұргын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншік құқығында тұргын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа мүлікке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркесіптік үлгінің авторлық құқығына, сондай-ақ өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары өздерінің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген негіздермен тәртіпте мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
Білім алу:Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей білім алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған тәртіпте, сондай-ақ оқу оырндарымен жасасқан келісімдер мен шарттар бойынша Қазақстан Республикасында білім алуына болады.
Оқу орныдарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқушылар мен студенттердің құқықтарын иеленіп, міндеттерін орындайды.