Қазақстанда болу мерзіміне байланысты: шетел азаматтары - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар;
- Қазақстан Республикасына уақытша келгендер;
- Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен жүріп өтушілер деген дәрежеге ие болады.
Тұрақты тұратын шетелдіктер – ішкі істер органдарынан берілетін рұқсатнама болып табылатын “тұрықты тұру ыхтияр хаты” деп аталатын құжатқа ие тұлғалар. Тұрақты тұруға рұқсатнаманы берудің міндетті шарты, ондай рұқсатнаманы алушы тұлға өзінің Қазақстан Республикасында өмір сүрген кезеңіне қаржы төлеуге мүмкіндігінің барын дәлелдеу тиіс.
Қазақстан Республикасы басқа заңды негізде жүрген шетелдік азаматтар уақытша келгендер болып саналады. Яғни, тәртіп негізінде белгілі мерзімге тіркеліп тұратын шетелдіктер. Олар белгіленген мерзімінің бітуіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге міндетті.
Президент жарлығында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетел азаматтары белгіленген бағыт бойынша Қазақстан Республикасынан кетудің шекаралық мекеніне транзиттік жүріп өту ережелерін сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған өкілетті мемлекеттік органдар берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттік визаларында көрсетілген мекендерде ғана аялдай алады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері:
Еңбек ету құқығы: Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негізбен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады.
Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осын\дай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сло сияқты міндеткерлікте болады.