Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері



бет30/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері:
Анықтама сөздігінде берілген анықтама бойынша «кепілдік» қамтамасыз ету ұғымын береді . Заң әдебиеттерінде қарастырылып отырған тақырып шеңберінде «кепілдік» термині адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету амалдары мен шартарын қөрсетіп анықтау үшін қолданылады.
Құқықтық кепілдік - бұл жеке тұлғаларға заңмен берілген құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы үшін мемлекет тарапынан арнайы берілетін мүмкіндіктермен іс шаралар жыиынтығы болып табылады.
Олар көлемі бойынша екі үлкен топқа бөлінеді.
1. Ішкі мемлекеттік кепілдіктер.
2. Сыртқы кепілдіктер.
Ішкі мемлекеттік кепілдіктер:
- Президенттік
- Парламенттік
- Соттық нысандарда көрініс табады.
Сыртқы кепілдіктер:
- Халықаралық құжаттар әсері
- Халықаралық ұйымдар әрекетінен көрінеді
Қазіргі кезде демократиялық бағытпен дамып отырған зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылатын Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету институттары қалыптастырылып отыр. Ондай институттардың бірі болып омбудсмен институты танылады.
ҚР-ның азаматтығы: Азаматтықты алу сол тұлғаға заңмен танылған барлық құқықтар мен еркіндіктердің толық тарайтынын, тұлғаны тек мемлекет ішіндегі ғана емес, оның шегінде де қорғалатынының алғы шартын көрсетеді.
Азаматтық пен байланысты қатынастар ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңымен реттелінеді.
Осы заңның негізінде ҚР Президентінің жарлығымен «азаматтықпен байланысты сұрақтарды қарастыру тәртібі туралы жағдай» бекітілген.
Азаматтық – бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси – құқықтық байланысы.
Бұл анықтамада азаматтықты сипаттайтын негізгі белгілер көрсетілген.
Азаматтық қатынасын қалыптастыратын тұлға мен мемлекет арасындағы байланыстың құқықтық сипаты оның ресми рәсімделуінде көрініс табады. Азаматтық – фактілік жағдай емес, ол құқықтық.
Мемлекеттің азаматтары деп оның аумағында өмір сүретін тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл белгі бойынша тұлғалар елдің халқын құрып – демографиялық категорияны қалыптастырады. Мұндай түсінік тек азаматтарды ғана емес, сонымен бірге елде өмір сүретін азаматтығы жоқ, шет ел азаматтарын да қамтиды.
Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді, әрбір адамға байланысты азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:
1. ҚР-сы азаматының төл құжаты.
1. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланысты болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.
Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы шығып, 1995 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «ҚР азаматтығы туралы» заңы және азаматтыққа қатысты құқықтық-нормативтік актілері есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет