Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Референдум: түсінігі және оны тағайындау мен әзірлеу



бет41/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Референдум: түсінігі және оны тағайындау мен әзірлеу
Референдум тікелей демократияға, яғни халықтың мемлекетпен мәселелерді шешуге тура қатысуының нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттік сайлау құқығы бар азаматтар қатысады.
Конституциялық құқық ғылымы референдумның келесі түрлерін көрсетеді. Олар:
- императивтік,
- консультативтік
- конституциялық,
- заң шығарушылық,
-міндеттеушілік
-факультативтік,
-мемлекеттік
Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде сайлаудың электрондық жүйемен қамтамасыз етілді дегенді білдіреді.
Референдумда қабылданған шешімнің міндетін, заң күші болатындығын білдіреді. Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер) қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады.
Конституциялық референдум кезінде Конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкіл халықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.
Заң шығарушы референдум халықтың дауыс беруімен заң шығаруға байланысты өткізіледі. Міндетті референдум Конституцияда қайсы бір мәселесін шешу үшін көзделген. Конституциямен белгіленген шарттарға орай, құзіретті орган референдум өткізуге міндеттейді.
Факультативитік референдум құзіретті органның заңда (Конституцияда) көзделген мәселелер бойынша өз қаулымен, яғни бастамашылығымен референдум тағайындай алатындығын білдіреді.
Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1993-ші жылғы Конституциясында республика азаматтарының мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша заңдар мен шешімдер қабылдау үшін Республикалық референдум өткізе алатындығы көзделген.
Қазақстан Республикасының 1993-ші жылғы Конституциясында Жоғарғы Кеңеске референдум өткізу өкілеттілігін береді.
1995-ші жылғы 25-ші наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы қабылданды. Аталған жарлықтың құқытық негізі Қазақстан Республикасының 1993-ші жылғы Конституциясы болды.
Осы жарлықтың негізінде 1995 жылғы 29-шы сәуірде Президенттің Республикалық референдум өткізу туралы жарлығы шықты, онда «1991-ші жылғы 1-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өкілеттігін 2000-шы жылғы 1-ші желтоқсанға дейін созуға келісезіз бе?» деген сұрақ енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1995-ші жылғы Конституциясы республикалық референдумға қатысты мәселелерді жаңаша шешті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет