Қазақстан Республикасының Парламентінің және оның Палаталарының өкілеттіктері: Белгілі бір мемлекеттің мемлекеттік билік жүйесіндегі парламенттің нақты рөлін дәл бағалай білу үшін, алдымен оның негізгі қызметі мен іс-әрекеттерінің бағыттарын анықтап алу орынды.
Парламенттің ең басты қызметі — заңдар қабыддау болып табылады. Сондай-ақ Парламентгің маңызды қызметтерінің қатарына Үкімет пен оның мекемелері жұмысын бақылауды жүзеге асыру ісін жатқызуға болады.
Омбудсмендеп аталатын институт парламент тарапынан өкімет қызметі мен лауазымды адамдарды үздіксіз қадағалауды қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Қазіргі кезде омбудсмен институты әлемдегі 40-тан астам елдерде кеңінен қолданылады. Бұл институттың жүзден астам түрлері бар.
Алғаш рет омбудсмен институты Швецияда құрылған болатын. 1809 жылы риксдаг (елдің парламенті) арнайы құжаттармен парламентке арнайы парламент комиссарын (омбудсмен) сайлауға, оған сотгар мен тағы да баска билік органдары тарапынан парламенттік заң актілерінің сақталу-сақталмауын қадағалауды тапсыруды міндеттеген еді, Сөйтіп, омбудсмен мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан: «Барлық мемлекеттік лауазымдар мен өкілдері үстінен кең көлемді парламенттік бақылау ұйымдастыратын, жеке азаматтардың құқығын қорғайтын, алайда, парламент қабылдаған зандарды өзгертуге құқығы жоқ, сенімге лайықты, тәуелсіз, парламент өкілдік берген адам».
Ұялту резолюциясы. Сенімсіздік көрсету вотумынан өзгешелігі — үкімет ынтасымен емес, парламент ұсынысымен енгізіледі. Ұялту резолюциясының құқықтық салдары сенімсіздік көрсету вотумына ұқсас.
Интерпелляция(үкіметке, парламентке жазбаша түрде қойылатын сұрау, тілек) — үкіметтің қызметіне байланысты белгілі де нақты сұраққа түсінік беруді міндеттейтін үкіметке арналған үндеу. Интерпелляция мысалы, Бельгияда, Данияда, Италияда, Норвегияда, Финляндияда, Жапонияда жиі қолданылады. Интерпелляция салдары, егер үкіметгің қызметі қанағаттанғысыз деп танылса, үкіметті отставкаға кетуге дейін апаруы мүмкін.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Үкімет пен Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
Парламентке Конституция жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституцияның 54-бабына сәйкес, Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі-Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастады;
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
мемлекеттік заемдар мен Республикалық экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
Республикалық халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
8) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бір еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.;
9) Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Қазақстан Республикасының конституциясының 55-бабына сәйкес, республика президентінің Республика Ұлттық Банкінің төрағасын, Бас прокурорын және ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру.