Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституцияның 63 бабына сәйкес Президент парламентті тарата алады



бет57/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституцияның 63 бабына сәйкес Президент парламентті тарата алады: Олар
- Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде,
- Парламент Премьер – Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде,
- Парламент палаталары арасындағы немесе мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанды.
Парламентті таратуға болмайтын жағдайлар:
-төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде;
-Президент өкілеттілігінің соңғы алты айында;
-сондай-ақ, осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде.
Парламентті тарату институты билік тармақтары арасындағы тепе- теңдік және тежемелі механизімінің басты элементі. ҚР 1993 жылғы Конституциясында заң шығару, атқару және сот биліктері тармақтары тепе теңдік және тежемелік жүйесін қолдана отырып өзара байланыста болатындығы туралы ереже көрсетілген.
Парламентті тарату институты 1995 жылғы Конституцияда толығымен көрсетілді.
Парламент депутаттары және олардың құқықтық мәртебесі:
Сенат екі тәсілмен қалыптасады:
1. депутатардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық иаңызы бар қаладан және республика астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдары депутатарының бірлескен отырысында сайланатын депутатардан тұрады;
2. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті Парламент өкілеттігі мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілеттігі алынған немесе тоқтатылған жағдайда Президент он күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутатарын тағайындайды.
Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірбесі бар, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала не республика астанасы аумағында кем дегенде үш жыл тұрақты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.
Мәжіліс республиканың әкімшілік –аумақтық бөлінісін және шамамен сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша және Қазақстан Халықтары Ассамблеясынан сайланған 107 депутатан тұрады. Жиырма бес жасқа толған республика азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутаты қос палатаға бірдей мүше бола алмайды: басқа өкілді орган депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы алатын лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, басшы органның немесе комерциялық ұйымдардың бақылау кеңесінің құрамына кіруіне құқығы жоқ. Осы ережені бұзу депутатың өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соқтырады. Парламент депуттаның өкілеттігі тоқтатылған жағдайда немесе өкілеттік мерзімінің өтуі бойынша оның бұрынғы қызметінің сақталуына кепілдік берілмейді. Депутаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Парламент депутатарының өкілеттігі республиканың Орталық сайлау комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады. Парламенттің бірінші сесиясында оның палаталарының бірлескен отырысында депутаттар: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына сөзсіз бағынуға, маған жүктелген жоғары депутаттық міндетті адал атқаруға ант етемін» деп қазақстан халқына ант береді.
Парламент депутатының өкілеттігін қолданылу ауқымына қарай екі топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, органдарына қатысты өкілеттік;
2. басқа мемлекеттің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет