Депутат өз қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Депутатқа немесе оның жақын туыстарына депутаттық міндетін дәл атқаруға кедергі келтіру мақсатында қандайда болсын нысандағы іс әрекет республика заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Депутаттың алдында өз міндетін орындамаған, оған жалған ақпарат берген, депутаттық қызметтің кепілдігін бұзған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары заңға сәйкес жауап береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы егер сайлаушылар өз депутатына аманат тапсырып, ол сенімді ақтамаса, сайлаушылар ол депутатты кері шақырып алатын депутаттың аманаттық мандатынан бас тартты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша депутат тек өз сайлаушыларының ғана тілегін білдірмейді, ол Қазақстанның барлық сайлаушыларының өкілі болып табылады. Сондықтан Парламент депутаты қандайда болсын аманатты мандатпен байланысты емес. Депутатты сайлаушылардың кері шақырып ала алмауы, деутат сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін сезінбейді деген сөз емес. Депутаттар парламенттік каникул кезінде өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездеседі, олардан түскен ұсыныстарды, өтініштерді қарайды, өз өкілеттігі шегінде сайлаушылар көтерген мәселелердің дұрыс және уақытында шешілуіне ықпал етеді, қоғамдық пікірді зерттейді және қажет кезінде тиісті мемлекеттік билік органдарына, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныс түсіруі мүмкін. Депутаттың қызметіне байланысты мәселе бойынша депутат мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кедергісізкіру құқығын, олардың басшылары мен басқа лауазымды адамдардың кідіргісіз қабылдауы тиістігі құқығын пайдаланады.
Депутаттық әдеп ережесі: Халықтың Парламенттегі өкілі ретінде өз тәртібі мен қызметін қоғамдық әдептілік талабына негіздеуі тиіс. Қазқсатан Республикасы Парламентінің Регламенті депутаттың әдеп ережесін белгіледі. Ол ереже депутаттың өкілеттігін атқару кезіндегі де, қызметтен тыс уақыттағы да басшылыққа алынға тиіс тәртіп нормаларын анықтайды. Депутаттық әдеп ережесіне мынадай нормалар жатады:
Депутаттар бір-біріне және Парламент Палаталарының, комитетерінің, комиссияларының және басқа депутаттық ұйымдардың барлық адамдарына құрмет сезіммен қарауы тиіс;
Депутаттар өз сөздерінде депутаттардың және басқа адамдардың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз кінә артып, дөрекі, қорлайтындай сөз сөйлемеуі керек;
Депутат зорлық-зомбылық, көз алартушылыққа, қорқыту мен азаптауға жол бермеуі тиіс.
Өзінің депутаттық қызметін жүзеге асыру барысында және қызметтен тыс уақытында белгілі бір ережені ұстануы керек. Депутат заңмен қорғалатын мемлекеттік және өзге де құпияны құрайтын ақпараттарды пайдалануға, ол құпияларды белгіленген тәртіп бойынша қатаң сақтауға міндетті. Депутаттың өз қызмет бабына орай мемлекеттік және өзге де осындай құпия құжаттарды пайдаланатын кездері сирек кездеспейді. Осындай сипаттағы құжаттарға ұқыпсыз қарау мемлекет, қоғам мүддесіне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тек әдеп нормасы ғана емес, заңдық жауапкершілікте туындайды. Және регламентте мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды сақтаудың қатаң тәртібі жөніндегі жауапкершілік туралы айтылған.
Палаталардың, олардың органдарының жабық отырыстарында депутаттарға белгілі болған мәліметтерді жария етпеу де әдеп ережесіне жатады.
Егер депутатың Парламенттің атынан берілген арнайы өкілеттігі болмаса, ол шет елдердің лауазымды адамдарына және шет ел органдарына қатысты тек өз атынан ғана сөйлей алады.
Депутаттық әдеп ережесі депутаттың бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа сөз конференцияларында, митингтерде сөйлеген және басқа жария сөздерін, мәлімдемелерін де қамтиды. Депутат өз сөздерінде, мәлімдемелерін де қамтиды. Депутат өз сөздерінде тек анық және тексерілген фактілерді ған пайдалануы, өз мәлімдемесімен қоғамдық пікірде теріс ақпарат тудырмауы тиіс. Өйткені Парламенттен тыс жерлерде де азаматтар депутатты заң шығару органының өкілі ретінде қабылдайды және оның сөзіне, мәлімдемесіне ерекше сеніммен қарайды. Сондықтан депутатың ойланбай сөйлеген сөздерінің саяси теріс зардаптары болуы мүмкін.
Депутаттық әдеп ережесі бойынша дәлелсіз не тексерілмеген фактілерді әдейі немесе байқамай айтуы нәтижесінде зардапшекен ұйымдардан, органдардан және жеке адамдардан депутат кешірім сұрауы тиіс. Егер адамдардың мүдделері мен ар-намысы елеулі түрде зардап шексе, жәбірленуші өзін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.