Депутатық сұрау салу: Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутатың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сесиясына осы органның немесе лауазымды тұлғаның Парламент сессиясына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзретіне кіретін мәселер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.
Парламент депутатары Премьер-Министірге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына жіне мүшелеріне, Бас Прокурорға, ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сұрау сала алады.Бұл ретте Бас Прокурорға салынған сұрау қылмыстық қудуалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болмауы тиіс.
Депутатық сұрау салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін лауазымды нақты адамға арналуы тиіс. Сұрау салу және оған жауап беру тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен қаралады. Лауазымды адам қойылған сауалға Парламенттің немесе Палаталардың жалпы отырысында жауап беруге міндетті. Депутатық сауалға берілген жауап және оны талқылаудың нәтижесі бойынша Парламенттің немесе оның Палаталарының қаулысы қабылданады.
Депутаттар Парламентте бірлесуді ұйымдастыруға құқылы.
Фракция – белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық бірлесуді білдіретін депутаттардың бірлескен тобы; ол Парламенттегі тиісті саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады.
Депутаттық топ – сайлау округтеріндегі бірлескен қызметінде өздерігің өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бірлесуі. Қайсыбір фракцияның қатарында болу депутаттық топқа кіруге кедергі келтірмейді.
Депутаттық бірлестіктер Палата Бюросында тіркелуі тиіс. Кезінде бірде-бір депутаттық бірлестіктерге кірмей қалған Мәжіліс депутаттары кейін бірлестік мүшелерінің келісіммімен оның кез келген қатарына кіре алады. Депутаттық бірлестіктердің ішкі жұмысын депутаттар жеке жүргізеді.
Парламент Регламентіне сәйкес депутаттық бірлестіктердің өкілдері фракцияның, топтың атынан:
Парламент пен Палаталардың отырыстарында талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және оның мазмұны бойынша күн тәртібіне ескертулер мен ұсыныстар енгізеді;
Парламент немесе оның Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын, не Парламент тағайындауға келісім беретін адамдардың кандидаттары бойынша пікір білдіруге;
Парламент депутаттарын азаматтардың өтініштерімен, фракциялар, депутаттық топтар қабылдаған шешімдермен таныстыруға;
Деппутаттық бірлестіктердің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан сұратып алдыруға құқылы.
Қазаір Қазақстан Республикасы Парламентінде екі, яғни Қазақстан халық бірлігі пртиясы мүшелерін біріктіретін бір және Қазақстанның демократиялық партиясының мүшелерін біріктіретін бір депутаттық фракция және «Ауыл», «Тұрақты даму», «Инженерлік топ» және Қазақстан Республикасының реформаларын тереңдету жолында» төрт депуттаттық топ бар.