Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алатын мемлекетік органдар мен лауазымды тұлғалар



бет67/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алатын мемлекетік органдар мен лауазымды тұлғалар:

  • Республика Президенті,

  • Сенат және Мәжіліс төрағасы;

  • Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі;

  • Республика Премьер-Министрі;

  • Соттар (78 баптың негізінде өтініш білдіру құқылы субъектілерінің тізбесіне жатады, олар нақты істе қадағалауға жататын заң немесе өзге де нормативтік актілер адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе, іс жүргізуді тоқтатуға, әрі осы актіні Конституцияға сәйкес емес деп танылғандығы туралы) Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруге міндетті. Конституциялық Кеңес Төрағасының мәртебесі принципті жағынан Конституциялық Кеңестің кез келген мүшесінің мәртебесіне сәйкес келеді. Дегенмен, төрағаға Конституциялық Кеңестің басшысы ретінде қосымша міндеттер жүктеледі.

Іс жүргізу қызметінде төраға Конституциялық Кеңестің қарауына қойылған мәселелерді әзірлеуге басшылық етеді, Конституциялық Кеңестің отырысына шақырады, онда жүргізетін мәселелерді енгізеді, Конституциялық Кеңестің отырысына төрағалық етеді, отырыстарды өткізуді қамтамасыз ету шараларын белгілейді, Конституциялық Кеңестің шешімдері мен хаттамаларына қол қояды.
Ішкі ұйымдық қарым-қатынастарда Конституциялық Кеңес мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі, Конституциялық Кеңеспен оның аппараты мүшелерінің жұмыстарын ұйымдастырады, Конституциялық Кеңеске оның регламентін ұсынады.
Конституциялық Кеңес аппараты туралы ережені бекітеді, Конституциялық Кеңес аппаратының қызметкерлерін тағайындайды және қызметінен босатады. Төраға Конституциялық Кеңестің басқа мемлекеттік органдар мен қарым-қатынасын ұсынумен қатар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Республикада Конституцияның, заңдылықтардың жайы туралы ақпараттар береді.
Өз құзіреті мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Өкілеттіктің аталған тізбелері толық емес, төраға Конституцияға және жарлыққа сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Егер Конституциялық Кеңестің отырысында шешім қабылдау кезінде дауыс тең болса, төрағаның дауысы шешуші болып таыбылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет