Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Міне, осы ретте 2000 жылдың 25 желтоқсаны күні қабылданған “Қазақстан Респбликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы”



бет75/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Міне, осы ретте 2000 жылдың 25 желтоқсаны күні қабылданған “Қазақстан Респбликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конс­титуциялық заңы осы айтылған өзекті мәселе­лерді оңтайлы шешіп, сот реформасының одан әрі жоғары деңгейде қарқын алуына тұғыр болды. Бұл заң еліміздегі соттардың беделін барынша көтеріп, судьялардың тәуелсіздігі мен тұрақтылығына кепілдік берді. Республикадағы соттардың құры­лымдары мен міндеттерін анықтады.
Сот реформасының қарқын алуына және сот жүйесінің қызметін одан әрі жақсартуда республика Судьялар одағының қосқан үлесін атап айтқан жөн. Ол – 1996 жылы 19 желтоқсанда ашылған өзінің бірінші съезінен бастап, бүгінгі күнге дейін зор белсенділікпен қызмет істеп келе жатқан мәртебелі ұйым. Бірінші съезд шешімімен өздерінің Орталық кеңесін құрды әрі алғаш рет “Судьялар этикасының кодексін” қабылдады. Осы уақытқа дейін өткен төрт съездің аралығында 2001 жылғы елордамыз Астана қаласында болған судьялардың ІІІ съезінің тарихи маңызы ерекше.
Съезге қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы судья­ларға тың серпіліс беретін маңызды ойларын орта­ға салған еді. Сот-құқық реформасын одан әрі же­тіл­діру барысында еліміздегі азаматтар мен ұйым­дардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүд­де­лерін қорғау және заңдардың орындалуын қам­тамасыз етуде конституциялық фукцияны толық­қанды жүзеге асыратын әділ де шынайы қабілетті сот жүйесін қалыптастыруда судьялар қауымына сегіз басым міндет жүктеді. Елбасының соттар мен су­дьяларға жүктеген бұл міндеттері бүгінде толы­ғы­мен жүзеге асты деп нық сеніммен айтуға болады.
Сот реформасын одан әрі дамытудағы басты мақсаттың бірі – алқа билер туралы заңнаманы қабылдау – сот жүйесін реформалау саласында жеткен жетістіктердің маңыздысы деп түсіну керек.
Сот өндірісіне алқа билер институтын енгізудің ең тиімді жолын таңдап алу үшін көптеген мем­ле­кеттердің, алдымен көршіміз Ресейдің тәжі­ри­бесін терең зерттедік. Біздегі сот жүйесіне жақын келетін роман-германдық негіздегі Францияның, Германияның сот жүйесінің үлгілі тұстарына да назар аудардық. Соңғы төрт жылдың аясында шетел сарапшыларын қатыстыра отырып, көптеген ха­лықаралық ғылыми конференциялар өткіздік. Алқабилер институтының әлемде кең тараған құрлықаралық және англо-саксондық үлгілерінің біздегі құқықтық жүйеге тиімді келетін тұстары жан-жақты зерттелді. Зерттеу негізінде Қазақстан құқықтанушы ғалымдарының, яғни ғалым заңгерлердің және шетелдік сарапшылардың озық ұсыныс-пікірлерін мұқият ескере отырып, қазақ­стандық алқа билерге континенттік үлгі тиімді екені дәлелденді.
Осы басым міндеттердің ішіндегі бүгінде сот өндірісіне енгізіліп, тиімділікпен жұмыс істеп жатқаны – “сот инстанциялары арасындағы соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу” мәселесі. Сот өндірісіндегі істерді әділ әрі жедел мерзімде қарау үшін сот сатыларындағы істерді реттейтін процессуалдық заңнаманы жетілдіру қажет болды. Жоғарғы Сот тиісті заңнамалардың жобасын талқылап дайындауға бір кісідей атсалысты. Соның нәтижесінде өндірістегі істерді қараудың құзыры мүмкіндігінше шектеліп, қадағалау сатыларын мейлінше қысқартуда ұйымдастыру мәселелер жүргізіліп, заңнамалық құжаттар қабылданды.
Нақты айтқанда, 2006 жылғы қаңтарда “Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жарияланды. Аталған заң сот сатыларын қысқартып, оның рәсімдерін мейлінше жеңілдетті. Бұл іс қараудағы әуре-сарсаң, сөзбұйдалықты жойып, жергілікті соттардың рөлін барынша күшейтуді міндеттеді.
Ел Президентінің табыстаған міндеттерінің бірі және ең өзектісі – мамандандырылған сот­тар жүйесін, оның ішінде бірінші кезекте эко­но­микалық және әкімшілік соттарды құру еді. Турасын айтқанда, нарықтық қатынастардың да­муы өз алдына дербес, тәуелсіз және әділ сот жүйесі қалыптаспайынша кез келген эконо­ми­калық әлеуметтік, саяси реформаларды іске асы­ру мүмкін еместігін байқатты. Бұл сот орган­дары­ның экономикалық салада туындайтын дауларды әділ әрі кәсиби біліктілікпен шешуде басты рөл атқаратындығын дәлелдеді. Осындай қажеттіліктен кейін республикада мамандан­дырылған экономикалық соттарды құру тұтастай қолға алынып, ол тез арада құрылды.
Аталған аудандық және оларға теңестірілген соттар бүгінде барлық облыстарда толыққанды жұмыс істеуде. Олар атқаратын қызметінің нәти­жесі экономикалық құқықтық қажеттіліктен туын­даған маңызды мәселе екенін іс жүзінде айқындап берді. Бұл сот шешімдерінің сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге әр өңір экономикасының дамуына өздерінің оң ықпалын тигізуде.
Әкімшілік соттар да біз ойлағандай оң нәти­же беруде. Бүгінгі таңда халыққа өз деңгейінде қызмет көрсетіп, өзінің тиімділігімен көңілден шығуда.
Бүгінгі күннің талабына сай ерекше тоқ­та­ла­тын міндет – Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығында осы аттас соттың ашылуы. Мамандандырылған қаржылық сот Қазақ­стан­ның әлемдегі бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына кіру жөнінде алдымызға міндет қойылған сәтте ашылуы – сот жүйесіне жұрт­шы­лықтың және шетелдік инвесторлардың се­німі арта түскенін байқатады, мұны судьялардың төртінші съезіндегі Елбасының тікелей тапсыр­масының орындалуы деп түсінуіміз керек.
Сот билігі тәуелсіз елдің тілегі болса, оның халық алдындағы қадір-қасиетін орнықты іспен нығайта беру судьялардың басты міндеті болмақ.
ҚР Конституцияға анализ жасай отырып, біз биліктің барлық тармағы мемлекетпен шешілетін бір стратегиялық мақсат шеңберінде байланысатынын, қызмет ететінін және олардың әрқайсысының жеке дара екендігімен қатар, нақты бір кеңестікті иелене отырып, өз билігін жүзеге асыратынын байқаймыз.
Қазақстанда Конституция мен заңға негізделіп, әділдік функциясын атқаратын мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот билігі. ҚР сот билігі біртұтас және барлық соттардың мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету, құқықты негізге ала отырып дауларды шешу болып табылады. Қазіргі кезде сот билігін жүзеге асыратын сот органдары Қазақстан Республикасының 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған «Сот жүйесі мен соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес 3 сатыдан тұрады:

  1. аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, арнайы сот – гарнизонның әскери соты)

  2. облыстық және оған теңестірілген соттар (Республика астанасының соты, республикалық маңызы бар қалалардың соттары, арнайы сот – ҚР әскери күштерінің әскери соты)

  3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.

Еліміздің Ата заңы – Конституцияда Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде бекітілген. Азаматтардың бас бостандығы мен құқықтарын қорғап, сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік орган – сот жүйесі. Сот билігі мемлекеттік биліктің дербес бірден-бір тармағы ретінде – заңдылық құқығына нұқсан келген тұлғаларға қатысты әділеттілікті қалпына келтіру функциясын атқаратын орган. Біздің пайымдауымызша, заңдылық және азаматтардың заңды құқығының сақталуы сот билігінің қызметімен қатар жүретін біртұтас бастаулар. Біз отандық ғылыми еңбектерде сот төрелігін жүзеге асыру кезінде азаматтар құқығының ескерілуі мен сот төрелігінде алатын орны туралы зерттеулерді саралағанды жөн көрдік.
Қазақстан заңнамаларында әділеттіліктің салтанат құруы құқықтық құрылым тұрғысынан заң талабына сай. Сырт көзге заңнамалар құқықтық нормаларданғана тұратын сияқты болып көрінеді. Ал, егер зер салап, үніліп терең қарайтын болсақ, заң актілерінің мазмұнында қоғамдағы барлық қарым қатынастар, ізгі ниеттер орын алған.
Сондықтан, сот төрелігін жүзеге асырғанда, заңдылық пен күнделікті адамдар арасында қалыптасқан қағидаларды сақтау – теориялық және тәжірибелік мәні бар мәселе. Өйткені, әділеттілік қағидалары соттардың заң негізінде, өздерінің ар-ождандарына сүйеніп шығарған шешімдірінде көрініс табады. Сол себептен, сот билігі әлеуметтік құқықтық сот деген ұғымдармен айқындалуы керек. Негізінен алғанда, биліктің өзі тірі ортадан өріс алатын биологиялық құбылыс емес, ол әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық қатынастрадан басталады. Ол адамдардың және әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, қызметтік бағыт-бағдарларына, әлеуметтік, идеологиялық, экономикалық және ұйымдық құқықтық шаралар арқылы әсерін тигізумен сипатталатын ұғым.
Соттың негізгі әлеуметтік міндеті - өмірдің қай саласындада құқықтық режим қалыптастыру. Сот билігін тек құқықтық заң негізінде атқарылатын билік деп санаған дұрыс. Заңнамалар және оның жүзеге асырылуы қоғамда қалыптасқан әділіеттілік принциптеріне қарама –қайшы келмеуі шарт. Сонда ғана қоғамда салтанат құрып жатқан әділ сот төрелігіне азаматтар жоғары сеніммен қарайды. өкінішке орай әділеттілікке қол жеткізуде кейде заңды формальды түрде қолданудың сот билігінің қоғамжағы маңызды рөліне нұқсан келтіріп, кері әсерін тигізіп жататын жағдайлары бар.
Осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қою үшін, сот төрелігін жүзеге асырғанда заң талаптарын бұзған немесе оны қолдануда кемшілік жіберген судьялармен жоспарлы тәжірибелік сабақтар өткізіп, керек болғанда кәсіби деңгейін көтеру курстарына жіберіп, нәтижесін алқа отырысында үзбей талдап, тиесілі бағасын беріп отыру арқылы аталған кемшіліктерді жоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет