Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Қазақстан Республикасының сот билігінің конституциялық құқықтық мәртебесі



бет74/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Қазақстан Республикасының сот билігінің конституциялық құқықтық мәртебесі:
Күн өткен сайын тәуелсіздікті ширата түскен Конституциялық заң нормалары өмірге келетін Ата заңымызға негіз болды. Осылайша, жаңаша сот жүйесін құрудың өте тиімді мүмкіндігі пайда болды. Мұны дер кезінде жүзеге асыруды шапшаң қолға алудың негізінде сот реформасының алғашқы қадамдары сәттілікпен басталып кетті. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы сот жүйе­сінің құрылымын және сот қызметін ұйымдас­тырудың негізгі қағидаттарын бекітіп берді. Конституциялық заң терминіне алғаш рет “сот билігі” деген ұғым кірді. Осыған сәйкес сот билі­гінің мәні мен мазмұнын анағұрлым толық және айқын ашу бағытында, оның белгілерін, мемле­кеттік басқару тетігіндегі сот билігінің рөлі мен орнын және оның басқа биліктерден айырма­шы­лығын дара көрсететін ерекшеліктері мен сипат­тары анықталды.
Бұл жөніндегі Елбасының “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы” Жарлығы өзінің өміршеңдігін әлі күнге дейін көрсетіп келеді.
Тәуелсіздік белін бекем буған сайын, елімізді әлемдегі өркениетті мемлекеттермен теңестіретін саяси құқықтылығы мен белсенділігін жақсарта беру көзделді. Оның ішінде сот жүйесінің тиімділігі артып, бірлігін қамтамасыз ету, судьялар тәуелсіздігіне кепілдік беруді бекіту сынды бір қауым жұмыстар; сот әділдігін алып жүруде немесе оны басқаруда қабілеті төмен мамандарды міндетінен босату және сот сатылары арасындағы сот өндірісіне кедергі келтіретін қатынастарды үзу жөнінде көптеген қордаланған проблемалар бар еді.
Қашанда еркіндікті аңсаған халқымыздың тағдыр-таланына жазған қазіргі басты құндылық – егемендік пен тәуелсіздікті орнықтырып, дамытуда әділбилік жүйесін жалғастырушы соттардың орны ерекше. Ерекше деу аз, тіпті конституциялық міндет биліктің дәл осы саласына көбірек тиесілі сияқты. Өйткені, әділсот жүйесінің Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” қаулысында негізгі бағыт-бағдар ретінде көрсетілуінің өзі де ерекше болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет