Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері



бет82/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері:
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабының талаптарына сәйкес республика мемлекеттік билік біртұтас, ол тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс – қимыл жасау принціпіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткен тарихи кезең – 13 жылдың ішінде аталған мемлекеттік билік тармақтарының құқықтық негіздерін жетілдіру бағытында алға басушылық байқалады. Жалып, қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды дайындау , қабылдау, өте күрделі, саяси процесс екнін ескеруіміз керек. Қабылданған заң актілері – азаматтар, заңды тұлғалар тарапынан мүлтіксіз орындалуы тиіс. Сонда ғана заң қағидаларын мемлекеттік биліктің саяси құралына қоғамдық шиеленістерді реттейтін күшке айналады. Демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік құру ісінде атқарушы органдар жұмысына басты назар аударылатыны белгілі.
Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер және олардың аппараттары, ал жергілікті өкілді органдарға мәслихаттар жатады.
Жергілікті мемлекеттік басқару институтының негізгі буыны атқарушы органдар - әкімдер мен әкімшіліктер:
Заң талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын қарауындағы аумақта мемлекеттік саясттың жүзеге асуын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын, тиісті бюджеттен қаржыландыратын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты өкілі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттік саясатын жүргізетін, осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктерінің арасында оның дамуына және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын қызмет.
Ал жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ – бұл облыстың, ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын өзінің өкілеттігі аясында тиісті аумаққа жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақтық мүддесі мен мұқтаждарына байланысты атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізеді.
Облыстық, аудандық (қалалық) әкімшіліктерде заңда көрсетілген тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал әкімшіліктің құрамына тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал әкімшіліктің құрамына орынбасарлары, аппарат басшылары жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның бірінші басшылары кіреді.
Әкімшілік – заңдық тұлға санатына кірмейтін, алқалы орган болып табылады.
Аталған заңның 27 және 31 баптарында әкімшіліктердің ал, 29-33 баптарында облыстық және аудандық әкімдердің өкілеттіктері мен атқаратын қызметі туралы айтылғын.
Осы баптарды талдай отырып облыстық және аудандық әкімшіліктер мен әкімдердің өкілеттіктерінің айырмасы бар екенін бұл айырма негізінен олардың әкімшілік аумақтық қаржыландыру басқару мәселелеріне байланысты екенін аңғару қиын емес.
Жалпы айтқанда әкімшіліктер тиісті әкімшілік аумақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарламасын, жоспарын, бюджеттік орындалуы туралы есепті мәслихаттардың бекітуіне ұсынады және аталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сол сияқты олар комуналдық меншікті басқарады, оларды сақтауға шаралар қолданады.
Сонымен қатар, әкімшілік Қазақстан Республикасының Конституциясы қағидаларының зыңдардың Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орталық және Жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтық қағидалық актілерінің орындалуына ықпал жасайды.
Жергілікті мемлекеттік басқару институтының құрамына кіретін алқалы орган ретінде, әкімшіліктер тиісті территория аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында оның ішінде азаматтардың заңмен қорғанатын құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеу жолында, экономикалық және әлеуметтік әділеттілікті сақтау үшін қызмет атқарады.
Ал, облыстың, ауданның әкімдері мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен қарым - қатынаста тиісті әкімшілік аумақтық құрылымның мүдделерін білдіреді.
Сол сияқты әкімдер орталық атқару органдарының басшыларына олардың аумақтық бөлімерінің заңдылықты сақтау, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің облыс әкімі мен әкімшілігінің актілерін орындауы ұсыныс жасауға құқықты.
Аталған заңда республикалық маңызы бар қалалардың ішінде құрылған аудан әкімдерінің өкілеттіктері арнайы қаралған.
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Конституциясының, Республика Президенті мен Үкіметі актілерінің басқа да құқықтық қағидалық актілерінің негізінде және оларды орындау үшін қаулы қабылдайды. Қаулыға әкім қол қояды.
Ал әкімдер құқықтық қағидалық нышандағы шешімдер және әкімшілік жарлық ету, жедел, жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкім шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет