Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Жергілікті өзін - өзі басқарудың заңдық негіздері



бет85/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
дәріс 2

Жергілікті өзін - өзі басқарудың заңдық негіздері:
1995 жылы қабылданған Қазақстан Конституциясы жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне қатысты арнайы бап бар, және сол баптың 4 тармағы осы мәселенің негізгі бағытын белгілейді.
1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін - өзі басқару танылады.
2. Жергілікті өзін - өзі басқару тұрғын халық сайлау жолмен, сондай – ақ халық топтары жинақты тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асады.
3. жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгілеген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
4. Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік береді.
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің Конституциялық негіздерін қарастырмастан бұрын, біздің ұлттық заңымызға негіз болатын халықаралық және ТМД елдерінің құжаттарында шолу жасау керек. Конституцияның баптарына да сол құжаттар бағыт береді.
Халықаралық қауымдастықтың көпшілігі мойындаған осындай құжат жергілікті өзін - өзі басқару туралы « Еуропалық Хартия » болып табылады.
Жергілікті өзін - өзі басқару принциптері мемлекет заңдарында, мүмкін болған жерлерде Конституцияда негізделген.
Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз – жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, өздеріне берілген заң шеңберінің негізінде, өз мойындарына жауапкершілікті ала отырып, мемлекет міндетінінің негізгі бөлігін алу және сол қызметті атқару.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың негізгі мәселелері:
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірге енуі де өте күрделі мәселе болып отыр.1985 жылғы Конституцияға енген 89 баптың әр жолының мағынасын ашып көрсететін, оны жүзеге асыратын тетіктерді анықтап беретін заң әлі де қабылданған жоқ.
Құрылымдық жағынан да, мазмұны тұрғысынан да жергілікті өзін- өзі басқаруға ең жақыны - өкілдік орган болып табылады. Халықаралық тәжірибеде өкілдікті органды жергілікті өзін - өзі басқару құрылымына айналдыру кездеседі. Екі өкілдікті органнан көрі жергілікті мәслихатты кеңеске айналдыру тиімді.
Жергілікті өзін - өзі басқару да жергілікті тұрғындардың өкілдікті басқаруы болып табылады. Кеңес – тұрғындардың сайлауы арқылы дүниеге келеді де, солардың берген өкілдіктерінің негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, жергілікті өзін - өзі басқару жүйксінде тікелей басқару жолдары да белгіленген. Бұларға – жиналыстар, Кеңес өкілдерін қайта шақырып алу, заң шығарушыға араласу құқығы және жергілікті референдум жатады.
Қазақстан парламентінің оқылымынан өткен « Жергілікті өзін - өзі басқару туралы » заң жобасында тұрғындардың жалпы саны мыңнан кем болатын елді мекендердегі жергілікті мәселелерді шешу - сол жердегі тұратын адамдардың жиналысына берілген.
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіндегі халық басқаруының төте түрінің бірі – жергілікті референдум болып табылады.
Жергілікті мәселелердің ішіндегі аса маңыздыларын шешу үстінде не кеңестің өзі немесе халықтың бір бөлігінің талабымен жергілікті референдум өткізіледі. Референдум жөнінде бастама көтерген адамдардың саны Жарғыда көрсетілуі шарт. Көптеген жерлерде жарғының өзі де референдум арқылы қабылданады.
Қазір жергілікті өзін - өзі басқарудың ең басты ерекшелігі – жоғарыдан төменге дейінгі бағыныштылықтың, тәуелділіктің болмауы
Тоталитарлық басқару төрінен демократияға қадам басқан Қазақстан үшін жергілікті өзін - өзі басқарудың англосаксондық жүйесінен көрі еуропалық нұсқасын таңдап алуы – шешілген мәселе деуге болады. Бірақ мемлекет өзінің жергілікті жердегі билік тетіктерін толығына жергілікті құрылымға беруге асығар емес. Сондықтан да жергілікті жерде мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқарудың қатар жүруі әбден мүмкін. Әдетте, бұл жүйе мемлекет тарапынан жергілікті өзін - өзі басқару құрылымын, органдардың бақылауымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, демократиялық қоғам құруға бел байлаған күннен бастап, міндеті күн тәртібінде тұрады. Халықтың, биліктін, азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы болып табылатын жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің соңғы Конституциядан орын алып отыр.
Жергілікті өзін -өзі басқару дегеніміз – жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, өздеріне берілген заң шеңберінің негізінде, өз мойындарына жауапкершілікті ала отырып, мемлекет міндетінің негізгі бөлігін алу және сол қызметті атқару.
Бұл құқық жалпыға бірдей сайлау ережесіне сай жабық дауыспен тәуелсіз сайланған комиссиялар мен жиналыстардың қызметі мен олар есеп беріп отыратын атқару органдарының қызметі арқылы жүзеге асады. Түрғындардың заң аясындағы басқару жұмысына ассамблея, референдум арқылы қатысуына бұл ереже кедергі келтірмейді.
Осы мәселелерге сәйкес қабылдаңған заңдарға орай, жергілікті өкімет органдары жергілікті жағдайларды ескере отырып, өздерінің әкімшілік құрылымын дербес атқарады.
Осы құжатты негізге ала отырып ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін жан- жақты қамтыған және ұлттық заңдарға ұлгі боларлық тамаша құжат дайындап шығарды. Өкінішке орай, неге екені белгісіз, бұл заң үлгісі біздің парламанттегі заңгерлерге басты бағыт бола алмаған сияқты.
Құрылымдық жағынан да, мазмұны тұрғысынан да жергілікті өзін - өзі басқаруға ең жақыны - өкілдік орган болып табылады. Халықаралық тәжірибеде өкілдік органды жергілікті өзін-өзі басқару құрылымына айналдыру кездеседі. Екі өкілдік органнан гөрі жергілікті маслихатты Кеңеске айналдыру тиімді де сияқты.
Демек Қазақстандағы жергілікті өзін -өзі басқару жүйесі тек бір ғана заңңын аясында жүзеге аса қояды дегенге сену қиын. Бұл жерде жергілікті өкілдерді сайлау да, органдардың статусына өзгерістер енгізу да қатар жүру керек сияқты. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті басқару жүйесіне толық реформа жүргізу қажет. 1982 жылы муниципалдық реформаны нәтижесінде Францияда жергілікті мәселелерді шешу толығынан жергілікті қауымға берілді. Бұл реформаны жергілікті қауымдарда, мемлекет те қолдада. Мемлекеттің қолында тек әкімшілік бақылау жұмысы ғана қалды. Оны үкімет пен президенттің өкілі атқаратын болды. Унитарлық Францияның тәжірибесі көп елдерге үлгі болғаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет