Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Аудандық соттың судьясына кандидаттар үшін қойылатын талаптар



бет79/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Аудандық соттың судьясына кандидаттар үшін қойылатын талаптар:
«Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі» туралы Заңда көзделгендей,
Біріншіден; сасяи шектелім. Аудандық соттың судьясы болып тек ҚР азаматы тағайындала алады.
Екіншіден; жасы бойынша шектелім: азамат 25 жасқа жеткен болуға тиіс.
Үшіншіден, бұл білім, практикалық және моральдық шектелімдер: азаматтың жоғары заңгерлдік білімі, заңгерлік кәсібі бойынша кем дегенде екі жылдық жұмыс стажы, кіршіксіз беделі болуға тиіс.
Төртіншіден; бұл біліктілік шектелімі: кандидат біліктілік емтиханын тапсыруға сотта сынақ мерзімін табысты өткеруге және соттың пленарлық отырысында оң мінездеме алуға тиіс. Соңғысынан басқа, барлық тізілген талаптар Конституцияның 79-бабында көзделген.
Облыстық соттың судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді Жоғарғы Сот Кеңесі бос лауазымды басуға арыз берген адамдардың қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ол азаматтар аудандық соттың судьясына кандидаттарға қойылатын талаптарға сай болуға және заңгерлік мамандығы бойынша кем дегенде бес жылдық жұмыс стажы болуға тиіс.
Судьяларға өкілеттіктер беру тәртібі Конституциялық заңның 31-бабында көзделен. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. Облыстық соттың судьясын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Аудандық соттың судьясын Әдiлет министрiнiң Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша тиiстi қызметтерге бес жыл мерзiмге Сенат сайлайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды. Аудандық соттардың төрағаларын Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады. 
Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi: "Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн". Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi. Облыстық соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың жалпы отырысында ант бередi. Облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары тиiстi облыстық соттардың жалпы отырысында ант бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет