Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары



бет84/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
дәріс 2

Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары:
Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидаларына мыналар жатады:
а) мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы – мемлекеттің саяси-ұйымдастырушылық мәнін және оның қоғамдық жүйеге биліктік әсер ететіндігін білдіреді. Биліктік әсер ресми нысандарда байқалады. Бұл жерде билік өзін мемлекеттің ажыратылмайтын бөлігі ретінде сипаттап мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде көрсетеді;
б) заңдылық қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заң актілерін орындауды мемлекеттік басқару органдарынан талап етеді;
в) азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері мемлекеттің мүддесінен жоғары болуы тиіс. Бұл қағида бойынша азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды тұлғаларға қарағанда деңгейлерінің жоғары екендіктерін көрсетеді;
г) азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу құқықтары. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтар тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқықтары бар;
д) мемлекеттік басқару органдарындағы ашықтық және қоғамдық пікірмен санасу қағидасы олардың тәжрибеде қоғамдық пікірдің қандай да болмасын нысанында білдіргендеріне қарамастан санасу міндеттері жүктелген;
е) аумақтық-салалық қағида. Бұл қағиданың мәні аумақтық және салалық қағидалардың табиғи байланыстарынан тұрады;
ж) мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімділігі. Бұл қағиданың мәні де, мақсаты да мемлекеттік басқару органдарындағы аппараттардың функциясы мен өкілеттіктерін бөлу арқылы орталық және жнргілікті басқару органдарының құзыреттерін атқаратын қызметтеріне байланысты айыру;
з) халықаралық ынтымақтастық.
Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары:
Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік басқарудағы конституциялық қағидалары салалық қағидалармен толтырылып отырады. Салалық қағидалардың атқаратын негізгі ролі, ол басқару салаларын бір-бірінен айырып қана қоймай олардың ерекшеліктерін көрсетеді (мысалы, экономика саласын әлеуметтік саладан).
Салалық қағидалар қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Егер, Қазақстан Республикасының 01.04.1999ж. «Бюджет жүйесі туралы» Заңында мынадай қағидалар белгіленген: біртұтастық; толықтылық; шындықтық; ашықтық; бюджеттің барлығының дербестігі. Ал, Қазақстан Республикасында үздіксіз мұғалімдік білім алуда оқытушыларға жаңа көзқарас Тұжырымдамасында мынадай қағидалар жазылған: гуманистік (гуманистический); іргелілік (фундаментальность); (итегративность); жанжақтылық (универсальность); (компенсаторность); дағдылану (адаптивность); білімнің даму сипаттамасы (развивающий характер образования); демократияландыру (демократизация) т.б. Қазақстан Республикасының 07.06.1999ж. «Білім туралы» Заңында мемлекеттің білім саласындағы саясаты қағида ретінде толық белгіленген. Оның ішінде білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі жеке қағтда ретінде белгіленген. Демек, аталған Тұжырымдаманың қағидалары осы қағида төңірегінде болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет