антты бұзуы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 71 бабында қарастырылған талаптарды және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар жарлығының талаптарын сақтамаған жағдайда;
өкілеттілік мерзімінің аяқталуы;
алпыс жасқа, ерекше жағдайларда алпыс бес жасқа толуы.
Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттілігін тоқтатқан жағдайда оның орнына бір ай ішінде басқа дам тағайындалады.
Конституциялық Кеңестің құзіреті және оның төрағасы мен мүшелерінің құқықтық жағдайы. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзіреті барынша кең, ол Қазақстан РеспубликасыКонституциясының 72 бабымен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар жарлығының 17-18 баптарымен реттелген.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің билігінде екі конституциялық бақылау нысаны бар. Олар:
алдын ала (превентивтік);
кейінгі (репресивтік).
Алғашқы нысан Конституцияның нормативтік құқықтық заңды, Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанша Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін қарауға байланысты.
Конституциялық Кеңес халықаралық шарттар бекітілгенге дейін, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселені қарауға құқылы. Екіншісі, ендігі әрекет ететін нормативтік келісімнің конституциялығын, сондай-ақ дау туған жағдайда:
Республика Президенті сайлауының;
Парламент депутаттарының сайлауының;
Республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені
шешуі енеді.
Алдын ала конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сол арқылы заңнаманың тұрақтылығына жәрдемдеседі. Келесідегі конституциялық бақылаудың жақсы бір қасиеті Конституциялық Кеңестің, Парламенттің заң шығарушылық жұмысына килікпей-ақ, заңды соттардың және басқару органдарының қолдану практикасын есепке ала отырып, оның конституциялығын тексеруге мүмкіндігі бар болып табылады. Ал оның азаматтардың құқытары мен бостандықтарын қорғау үшін маңызы зор.
Мемлекеттік – құқықтық жүйеге дәндеп ене бастаған демократиялық процесстердің өміршеңдігін Конституциялық кеңестің соттардың жүгіністерін қарау өкілеттілігінен де айқын аңғаруға болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 78 бабына сәйкес соттар адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Кез келген дәрежедегі сот қолданылуға тиісті заң немесе басқа да нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсани келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні еонституциялық емес деп тану туралы ұсыныс пен Конституциялық кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның бұл бабын қолдану адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соттардың ролін арттыра түседі, Республикада адам және оның құқықтары орталық орынға не құқықтық мемлекет құрудың маңызды бір белгілерінің бірі болып табылады. Конституциялық Кеңестің жоғарыда аталған өкілеттілігіне сәйкес, оның Қазақстан қоғам өміріне конституциялық заңдылық қағидаларын тәжірибе жүзінде қалыптастырудағы маңызы да арта түседі.
Конституциялық Кеңестің ерекше артықшылығы Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады. Конституцияның 72 бабының төртінші тармағына сәйкес конституциялық нормаларға ресми түсіндірме беру жөніндегі өкілеттілік бірінші рет Республикадағы конституциялық бақылау органыныа жүктеліп отыр.
Өкілеттіктің келесі тобы Президентті орнынан мерзімінен бұрын босату немесе оны орнынан кетіруге Конституциялық кеңестің қатыстылығына байланысты. Конституциялық Кеңес төмендегідей жағдайларда белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді:
Қазақстан Республикасы Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің, ол мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметінен кетуі.
Конституциялық бақылау жүйесін енгізудің мәнді кезеңі Қазақстан Республикасында Конституциялық Кеңесін сот билігі жүйесінен шығару болды. Олай болса, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі оны заң шығару, атқару және сот билігінен тыс қоятын ерекше ұйымдық, құқықтық нысанға ие болды. Бірақ, оның тәуелсіздік дәрежесі соттармен салыстырғанда біраз төмендеді. Кез келген мемлекеттік орган секілді Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі де жауаптылықтың біраз шамасын мемлекет басшысы алдында атқарады. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Президентінің «Конституциялық Кеңес туралы» жарлығының тиісті ережелеріне сәйкес Президент Конституциялық Кеңеске өтініш білдіру мүмкіндігінен бөлек мынандай әсер ету жолдарына ие:
Президент Конституциялық Кеңес төрағасын және екі мүшесін тағайындайды және өкілеттіліктерін тоқтатады;
Президент Конституциялық Кеңестен істі он күн ішінде шешуді талап ете алады (заң бойынша бір ай);
Конституциялық Кеңестің төрағасы Президенттің талабы бойынша елдегі конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы оған хабар табыс етеді.;
Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне толық немесе бір бөлігіне наразылық енгізе алады.
Жаңа Конституция және Президенттің жарлығын конституциялық жоғарылығын қамтамасыз етуді міндеттеді. Констиуцияның 72 бабында аталған Конституциялық Кеңестің өкілеттіліктерінің көпшілігі Конституцияның еліміздегі құқықтық актілер жүйесінде жоғарылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Дау туған жағдайда Қазақстан Президентінің, депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді;
Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.
Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.
Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.
Қазақстан Республикасы Президентін қызметінен кетіруге және мерзімінен бұрын босату көздеген реттерде қорытындылар береді.
Соттардың өтініштерін қарайды, Конституцияның 78 бабы, 74 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына қайшы деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
Адамның және азаматтық конституцияда баяндалған құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілген деп танылған заңдармен өзге де нормативтік – құқықтық актілердің күші жойылады және олар қолдануға жатпайды.
Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса іс жүргізуді тоқтата тұрады және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінеді.
Ал енді кешегі күні ғана өмір сүрген Конституциялық соттың құзіретіне тоқталсақ, ол келесі актілердің Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін қарайды:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылардың;
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлық, қаулы және үкімдерінің;
Қазақстан Республикасы Министрлері мен комитеттерінің ведомстволық нормативтік актілерінің;
Бас Прокурор қабылдайтын нормативтік сипаттағы актілерінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, төрелік сотының бастамасы түсіндірмелерінің;
Күшіне енген халықаралық шарттармен өзге де міндеттемелердің Конституциялық сот сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін істерді де қарайды.
Егер Конституциялық Кеңес заңдары тек Пезидент қол қойғанға дейін қараса, Конституциялық сот оларды қол қойылып, күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта өтініш болған кездерде қарай алатын. Конституциялық нормаларға ресми түсіндірме беру Жоғарғы Кеңестің өкілеттілігінде болған. Л.Муртазина өз мақаласында Конституциялық соттың артықшылығы ретінде оған кез келген азаматтардың өз құқықтары бұзылғандығы туралы талап бере алатындығы көрсетілді. «Үш жылда мұндай жолмен біраз істер қаралды, ал қазір өз құықтарын қорағу туралы қайда барады деп сұрақ қоя отырып, ал сіздің пікіріңізбен құқықтарыңыздың бұзылғандығы туралы судья келіссе, ол Конституциялық Кеңеске жолдануға құқылы, бірақ бұл «біздің жалпы сот судьяларының онсыз да қарапайым істерінің көптігіне және квалификациясына байланысты күрделі» деп көрсетті.
Конституциялық кеңеске өтініш берілген жағдайда мынандай құқықтық салдар туады:
Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізуді және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы өтініш берілгенде Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеуіне республика референдумының қорытындыларын шығару тоқтатыла тұрады;
Заңдар мен халықаралық шарттарға қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады;
Конституцияның 78 бабында көрсетілген, яғни соттар азаматтардың құқықтары бұзылды деп өтініш бергенде іс жүргізу тоқтатыла тұрады. Конституциялық кеңесте іс қозғау, өтініш қарау өткізіледі. Егер бұл өтініш тиісті субъектіден берілген болса, онда Конституциялық Кеңесте өтініш білдіру құқығы кез келген адамның немесе мемлекет органдарының еркіне берілмейді.
Жалпы айтсақ, Конституциялық кеңеске өтініш білдіру құқығы бұл Конституцияда аталған мемлекеттің органдары мен лауазымды тұлғалардың Конституциялық Кеңестің қарауына ол қарайтын және шешетін мәселелерді беруге құқылы. Конституциялық Кеңеске өтініш білдіру Конституциялық Кеңесте іс қозғаудың негізі болып табылады.
Конституциялық Кеңестің азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауға қатысты рөлі
Конституциялық Кеңестің құзіреті оның материалдық-құқықтық, процессуалдық және ұйымдастырушылық өкілеттіктерінің жиынтығынан құралады. Олардың пәні конституциялық-құқықтық мәселелер мен даулар болып табылады. Олар конституциялық бақылау органдарының нақты өкілеттіктерінің мазмұнымен ғана емес, кейбір мемлекеттерде (Ресей, Молдова, Австрия және т.б.) бұл мәселелерді шешуде айрықшалық қағидасының бекітілуімен де негізделеді. Ал Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне байланысты бұл қағида мынадай нысанда бекітілген: «Конституциялық Кеңес тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынады, саяси және өзге де жағдайларға бағынышты болмауы керек».
Конституциялық Кеңеске бақылау процедурасына бастамашылық жасау түріндегі жеке құқықты беру өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешуде келесі ерекшелікті ескеру қажет. Саяси режимі тұрақтанған мемлекеттерде конституциялық-құқықтық дауларды шешудің белгілі тәртібі тұрақтанған, конституциялық- құқықтық жауапкершілік мәселелері реттелген, сондықтан, егер мұндай құқық берілсе оны саяси процеске тартып кету қаупі бар. Конституционализм қағидасы енді орнығып келе жатқан жаңа дамудағы мемлекеттерге қарағанда, мұндай мемлекеттерге конституциялық бақылау құқығын беру ондай қорқынышты емес. Бұған 1991-1993 жж. аралығында осындай құқыққа ие болған Ресей Конституциялық Сотының қызмет тәжірибесі куә болады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық өндірісті қозғау құқығының болмауы қандай болмасын саяси кризис тудыру мүмкіндігін жоюы тиіс. Конституциялық мәселелер мен дауларды қарау барысында Конституциялық Кеңес басқа органдардың құзіретіне кіретін барлық нақты жағдайларды зерттеуден және қараудан бас тартуға міндетті. Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерін белгілеп қана қоймай, оны басқа бақылау органдарының құзыреттерінен ажырататын бұл тәртіп «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында бекітілген. Конституцияда бекітілген Конституциялық Кеңес құзыретінің көлемі мазмұны бойынша жабық болып табылады және ол тек қана өтініш білдіре алатын субъектілердің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Конституциялық бақылаудың теоретикалық және тәжірибелік мәні сайлау және республикалық референдум өткізу кезінде ерекше қызығушылық туғызады.
Қоғамның саяси өмірінде бүкілхалықтық дауыс беру маңызды роль атқарады.Сайлау жүйесі қаншалықты жетілгендігіне қарап, ол мемлекеттің демократиялық жағдайының даму дәрежесі туралы айтуға болады. Сонымен қатар отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әр түрлі жағдайлар мен себептерге байланысты бірде-бір мемлекетте сайлау процесі ешқандай кемшіліксіз өтпейді және әрқашанда жетілдіруді талап етеді. Осы саладағы бақылау конституциялық бақылау органдарының ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Конституциялық Кеңестің қызметін қиындатпау үшін бұл құзірет тек қана Республиканың жоғарғы билік органдарын сайлауға байланысты бекітілген.