Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


ҚР-ның 1995 жылғы Конституциясының сипаттамасы



бет11/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
ҚР-ның 1995 жылғы Конституциясының сипаттамасы:
Конституцияның мәні неден тұрады деген сұрақ бойынша әр түрлі теориялар бірдей емес қортындыларды ұстанады.
Кең тарған ұсыныстардың бірі қоғамдық келісім ретіндегі конституцияның мәнін баяндау болып табылады. Қоғамның барлық мүшелері конституцияда жузеге асырылған сол қоғам қандай негізде құрылады, ол қандай тәртібпен өмір сүретіндігі болжалынылып, келісімге отырады. Бұл концепция бойынша конституция-халық егемендігінің, оның ортақ еркінің көрінісі.
Теологиялық теория конституцияның мәнін өмір тәртібі туралы адамзат қоғамының құдайлық алғы шартын іске асыруда көреді, онда жоғарғы әділеттілік, ой идеясы жүзеге асырылады деп есептелінеді.
ҚР 1995 жылғы Конституциясына қоғамдық келісім ретіндегі баяндау қолданылмады. Оның мағнасы Конституцияны қабылдау үшін барлығының жалпылама келісімінің болуы, ал келіспегендер мемлекеттен кетуге немесе өздерін шет елдіктер деп санауға мәжбүр болуы.
Кеңестік мемлекеттік-құқықтық ғылымның теориялық негізі болған маркстік-лениндік теория Конституция мәнін ол бүкіл қоғамның емес, бүкіл халықтың емес, тек билеуші топтың мүддесін білдіреді деп көрсеткен, яғни Конституция өзінің мәні бойынша таптық болып табылады.
ҚР қазіргі әрекет ететін Конституцияда Конституцияның таптық мәні туралы жорамал жоқ, онда жалпы демократиялық бастаулар көрсетілген.
ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, өйткені ол мемлекетпен тағайындалған жоқ, референдумда халықпен қабылданған.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан, елдегі мемлекеттікбиліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылатындығынан құрылтайшылық сипат туындайды.
ҚР Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
Конституция мемлекетті оның бүкіл атрибуттарымен құрады, ол оның егемендігін барлық элементтермен бекітеді: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, өзіндік заңымен. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара қатынасының негізін орнатады, қоғамдық құрлыстың негізін анықтайды.
ҚР Конституциясының мәні жалпы демократиялық бастауда бекітіліп, нығайтылады және барлық қоғам мүшелері оның тең құқықтық азаматыретінде мемлекетте өмір сүру мүмкіндігін, біреу келісіпжәне келіспей болжау.
ҚР әрекет етіп отырған Конституциясы демократиялық құқықтық мемлекеттің Конституциясы ретінде бүкіл халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан халқының еркін; адамның жоғарғы құндылығы оның құқығы мен еркіндігін танудан туындайтын жалпы демократиялық принциптерді қамтитын қоғам мен мемлекет өмірінің негізінде бекітілген көп ұлтты халықтың еркін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет