Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және оның жеңілдетілген түрлері: Қазақстан Республикасы азаматтығын төмендегі тұлғалар алады:
туылғаны бойынша;
егерде азамат Қазақстанда 1992 жылдың 1 мамырына дейін тұрақты тұрған болса, 1995жылғы 1 наурызға дейін Қазақстанның азаматтығына өтініш бермеген болса;
Қазақстанның азаматтығын алған жағдайда.
Егерде біреу басқа мемлекеттің азаматы болып немесе азаматтығы жоқ тұлға болсаңыз өтініш беріп «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына, Президенттің «Қазақстан Республикасындағы азаматтықпен байланысты мәселелрін қарастыру тәртібі туралы» Қаулысына және ІІМ «Ережені жариялау туралы» «Қазақстан Республикасындағы азаматтықпен байланысты мәселелерді қарастыру тәртібі туралы»» Бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Азаматтық туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына мына тұлғалар қабылданады:
Қазақстан Республикасының аймағында бес мерзім ішінде тұрақты тұрғандар (азаматтықты алуға өтініш берген кезге Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған бес жыл мерзім үзілмеген болуы тиіс);
ҚР азаматымен 3 жыл бойы некеде тұрса;
Қазақстан Республикасы территориясында тұратын және Қазақстан азаматы болып саналатын туысы бар бұрынғы одақтық республика азаматтары;
Жақын туыстары болып Қазақстан территориясында тұру мерзіміне қарамастан мыналар саналады: әкесі, шешесі, туған аға-інілері, әпкесі, күйеуі, әйелі, балалары, атасы, әжесі. Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасы аймағында тұратын жақын туыстары бар тұлғаларға. Жақын туысқандарға әкесі, әжесі, анасы, жұбайы, қалыңдығы, балалары, атасы, олардың Қазақстанда тұрған мерзіміне байланыссыз.
Соңғы екі негізге байланысты азаматтықты алу Қазақстан Республикасы аймағында қанша мерзім тұрғанға байланыссыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібінің кәдуілгі және жеңілдетілгені болады.