Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


- бара-бар өкілді сайлау жүйесі (пропорцианальды)



бет40/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

- бара-бар өкілді сайлау жүйесі (пропорцианальды)
- мажоритарлық сайлау жүйесі
Бұл жүйелер шегінде, оның пікірінше, «әрбір елде өздерінің мүлдем бөлек және қайталанбайтын жүйесі болады». В.И.Лысенко сайлау жүйесін «демократиялық сайлау процесін ұйымдастырудың әртүрлі аспектілеріне әсер ететін дауыс беру мен санауды ұйымдастыру тәсілі ретінде» қарастырады.
А.Е. Постников сайлау жүйесі түсінігін «халық сайлаушылардың арасындағы мандат бөлу» деп анықтайды. Көптеген шет елдерде «сайлау жүйесі» деген термин жай түсінікте сайлаушылардың дауыс беру нәтижесіне қатысты кандидаттардың арасындағы мандат бөлу әдісі деп қолданылады.Бұл контексте «сайлау жүйесі» түсінігі өзінің саяси-құқықтық ойын айқын білдіретін қандай да бір процессуалды-процедуралық талаптарға сай келтіріледі.Сонымен қатар, нақты сайлау жүйесін бекіту таза субъективтік көзқарас нәтижесі емес. Сайлау және сайлау жүйесі жалпы алғанда, көбінесе билеудің реалды саяси қатынасы болып келеді, қоғамның нақты конституциясы мемлекет пен қоғам күшінің қатынасын көрсетеді.
Сондықтан «сайлау жүйесін» кең көлемде түсіндірумен бірге бұл терминді әртүрлі әдіс ретінде және сайлау нәтижесін мажоритарлық немесе пропорционалды сайлау жүйесі деп қана қоймайтын авторлармен бірге келісуге болады, көбіне мұндай мәселелерге анализ жасағанда кедергі болатын, құқықтық салаға жатпайтын бастаулар болады.
Сайлау жүйесінің жалпы құқықтық параметрін анықтағанда, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңы сайлау құқығының негізін құрушы бастамаларын бекітеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының сайлау құқығы жүйесін құру - ол азаматтардың сайлау құқығын таратудағы қоғамдық қатынастардағы күрделі процесс, сонымен қатар олардың сайлау алды үгіт құқығы, сайлау жүйесінің заңдылық қағидасының толық жаңаруы, бұған тек заң актілері ғана емес, сондай-ақ жергілікті нормативтік актілер, және азаматтардың сайлау құқығын іске асыру тәртібін орындаушылар ықпал етеді. Мұндай жағдайда тек сайлау жүйесіне ғана емес, жалпы сайлау құқығына формальды-құқықтық, нормативтік көзқарас керек.
Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарын сайлау Конституциялық құқықтық нормалармен белгіленеді, олар өзі жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі ұғымын құрайды. Сайлау жүйесін құрайтын Конституциялық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс депутаттары мен Сенат депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Жоғарыда атлаған сайлау құқығы институты Конституциялық құқытың маңызды бір институты болып табылады. Сонымен қатар «сайлау құқығы» ұғымы кәмелетке жеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында қолданылады.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкілді органдарын қалыптастырады.
Соңғы өзгертулер бойынша сайлаушылар жеке кандидаттарға емес партияға дауыс беру арқылы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлайды. Мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлаудың нәтижесі бара – бар (тепе тең) жүйесі негізінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет