Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қайнар көздері



бет37/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қайнар көздері: нормативтік құқықтық актілер болып табылады, оларды Қазақстан Республикасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық актілер болады.
Бұл қайнар көздерге мыналар жатады:

  • 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы.

  • Қазақстан Республикасының 1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқаруша органдары туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық актілері.

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының бастауы болып табылатын нормативтік құқықтық актілер Президент, Парламентінің Мәжіліс пен Сенат палаталарының, Мәслихат депутаттарын және жергілікті сайлау органдарының мүшелерін сайлауға әзірлік және сайлау өткізу кезінде тыңдайтын қатынастарды реттей отырып, азаматтардың еркін ерікті түрде білдіруін қамтамасыз ететін кепілдіктер белгілейді.
Сайлау құқығының қағидалары – бұл сайлау қатынастарының құқықтық реттеуінің фундаменті болып табылатын негізгі бастаулар. Құқық қағидалары әмбебаптық, жоғары императивтілік, жалпы маңыздылық қасиеттерге ие. Олар құқықтың қалыптасуы мен дамуындағы жеке құқықтық бастаулардың маңызы мен рөлін айқындайтын ерекше байланыстардың белгілі бір жүйесін құрайды. Сайлау құқығының бір қағидасын орындамау, оның басқа да қағидаларының бұзылуына алып келеді. Сонымен қатар сайлау құқығының қағидалары бір-бірін толықтырып отыратын қағидалар жүйесін құрайды.
Сайлау құқығының қағидалары, оның негізгі мазмұнын құрайды. Олар құқықтық реттеудің механизмін қамтамасыз етеді, азаматтардың, олардың сайлау бірлестіктерінің іс-әрекеттерінің заңдылығының және құқықтылығының, сайлау комиссияларының жүйесін, мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жалпы юрисдикция соттарының критерийлерін анықтайды.
Сайлау құқығының қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңдарында құқықтық бекітілген.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 3-бабында сайлау құқығының қағидалары бекітілген: «Республика Президентін, Парламент Мәжілісі және маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті түрде болады. Ешкімнің де азаматтарды сайлауға күшпен қатыстыруға және оның еркін білдіруін шектеуге құқығы жоқ ».
Жалпыға бірдей сайлау құқығы сайлау құқығының негізгі қағидасы болып табылады, себебі ол Конституцияның халық билігін тікелей жүзеге асыру туралы нормаларынан туындайды және бұл қағида Республикадағы он сегізге толған азаматтардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан сайлауға қатысу құқығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет