Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет45/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Президент өкілеттіктері:
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi.
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
4) бекiту грамоталарына қол қояды ;
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.
3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi:
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап , бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi ;
5) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды ; оны қызметтен босатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет