Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi



бет44/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi:
Республика Президентi бес жыл мерзiмге сайланады .
Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi бес жыл.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне қолданылмайды.
Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер:
Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ .
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:
1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын , омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.
4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Президент сайлауының ерекшеліктері:
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.
Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лдауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін белгілейді.
Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ ждерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесу үшін, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен астамын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала-алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет