Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет36/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Жалпы мемлекеттік сайлау-мемлекеттің бүкіл аумағын
қамтитындығымен түсіндіріледі.
Аумақтық сайлау -әріне мемлекет аумағының белгілі бөлігінде ғана яғни,
жергілікті жерлерде болады.
Толық сайлау– бұл парламенттің немесе жергілікті өкілді органдардың
барлық депутаттар құрамын сайлауда көрінеді.
Жартылай сайлау–парламеттегі немесе жергілікті өкілді органдардағы
депутаттық мандаттарынан айырылған халық өкілдерінің орнына депутаттарды
сайлау.
Кезекті сайлау–сайлау заңдарында көрсетілген анықталған мерзімдерде ғана
өткізілетін сайлау деп білеміз.
Кезектен тыс сайлау–себепті жағдайларға байланысты белгіленген
мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау.
Заң әдебиеттерінде сайлау құқығына берілетін түсініктерді талдай келе сайлау құқығының түсінігіне төмендегідей анықтама беруге болады.
Сайлау құқығы - азаматтардың сайлау және сайлануға байланысты конституциялық құқықтарын жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын конституциялық құқықтың негізгі институты болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде «сайлау құқығы» термині 2 мағынада қолданылады: Олар:
- Объективті сайлау құқығы;
- Субъективт сайлау құқығы.
Субъективтік сайлау құқығы - азаматтардың нақты сайлауға қатысуы, сайлау және сайлану құқықтары дейді. Сонымен қатар субъективтік құқықты екіге бөледі:
- белсенді субъективтік сайлау құқығы
- бәсең субъективтік сайлау құқығы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 4-бабының 1-тармағында белсенді сайлау құқығы – кәмелетке толған республика азаматтарынының сайлауда дауыс беру құқығы делінген.
Белсенді сайлау құқығы бәсең сайлау құқығы жоқ адамдарда болуы мүмкін. Себебі азамат мемлекеттік билік органдарына сайлауға түсетін болса, ол сайлау цензінің барлық талаптарына, соның ішінде кандидаттарға бекіткен жасқа сәйкес келуі тиіс. Мысалға, Қазақстан Республикасының Президентіне 40-жасқа, Парламент Сенатына 30 жасқа, Мәжіліс депутаттығына 25-жасқа толған республика азаматы кандидат бола алады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 4-бабының 2-тармақшасында бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Парламентінің, маслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы деп бекітілген.
Бәсең сайлау құқығына ие болу үшін азаматтың кәмелеттік жасқа толу фактісі жеткіліксіз. Мемлекеттік органдарға сайлауға түскен азамат Конституцияға, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына - бекітілген жас мөлшеріне жету, отырықшылдық цензі, соттылығының болмауы, білімнің болуы және т.б. сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар бәсең сайлау құқығы бар азаматтың міндетті түрде белсенді сайлау құқығы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет