5-дәріс. Тақырып: Басқарушылық талдаудың негізі
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз етудегі басқарушылық талдаудың маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс сұрақтар:
1 Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2 Басқарушылық талдаудың рөлі мен мәні. Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс.
3 Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері.
4 Басқарушылық талдаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері, мазмұны.
Дәрістің негізгі мазмұны
Талдамалық жұмыс шешім қабылдайтын әрбір басшының, әрбір менеджердің қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда маңызды қағидаларға кіретіндер:
Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бөлу;
Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;
Регламенттеу және унификациялау. Регламенттеу әрбір атқырушы үшін кестелер мен талдаудың шығыс нысандарын міндетті минимумдарын өңдеуді қарастырады.
Экономикалық талдаудың әрекет етушілігі мен тиімділігіне байланысты болатын маңызды шарт ол талдамалық жұмыстың жоспарлануы табылады. Жоспар кешенді және тақырыптық болуы мүмкін.
Талдамалық жұмыстың кешенді жоспары оны жүргізуге жауапты болып тағайындалған маман бір жылға дайындайды. Жоспарда талдау объектілерінің тізімі қарастырылады, талдау мақсаттары, әрбір объекті бойынша талдау жүргізу кезеңділігі және талдамалық жұмыстың орындалу мерзімі, ақпарат көздері мен әрбір зерттелетін сұрақ бойынша талдауды әдістемелік қамтамасыз ету анықталады.
Тақырыптық жоспарлар – бұл терең зерттеуді талап ететін кешенді сұрақтар бойынша талдау жүргізу жоспарлары. Онда талдау объектілері, субъектілері, сатылары, жүргізу мерзімі, оның атқарушылары қарастырылады.
Талдаудың барлық ақпарат көздері жоспарлы, есептік және есептен тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне кәсіпорында өңделінетін жоспардың барлық типтері жатады (перспективті, ағымдағы, оперативті, технологиялық карталар, нормативтік материалдар, сметалар, ценниктер, жобалық тапсырмалар).
Есептік сипаттағы ақпарат көзіне бухгалтерлік, статистикалық, және оперативті есеп пен есептілік құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер жатады.
Есептен тыс ақпарат көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады. Оған мемлекет заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, тексеру және ревизия актілері, келісім шарттар, баспалық жариялымдар, есеп берудер және т.б. жатады.
Басқаруды талдауды ұйымдастырудың негізгі сатыларына мыналар жатады:
1. Экономикалық талдаудың субъектілерін, объектілерін зерттеуді ұйымдастыруды анықтау
2. Аналитикалық жұмысты жоспарлау
3. Экономикалық талдауды ақпараттармен қамтамасыз ету
4. Мәліметтерді аналитикалық талдау
5. Талдаудың нәтижелерін рәсімдеу
6. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды өндіріске енгізуді бақылау
Экономикалық талдау үшін барлық ақпарат көздері жоспарлы, есепті және есептен тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы ақпараттарға барлық жоспарлардың түрлері: ағымдпғы, жедел ақпараттар жатады.Есепті ақпарат көздеріне:
Бухгалтерлік есеп және есеп беру
Статистикалық есеп және есеп беру
Жедел есеп және есеп беру
Іріктелген есеп мәліметтері жатады
Есептен тыс ақпарат көздеріне жататындар:
Ішкі және сыртқы ревизия материалдары
Ішкі және сыртқы аудит материалдары
Салық қызметі тексерудің метериалдары
Басылым материалдары
Түсініктеме хаттар
Өндіріс жиналысының материалдары
Талдаудың нәтижелері құжаттар түрінде рәсімделуі тиіс. Оларға түсіндірме хат, анықтама, қорытынды есеп берулер жатады.
Түсіндірме хат мынандай сұрақтарды көрсетуге тиісті:
Кәсіпорының экономика дамуының деңгейі
Шаруашылық жағдайын
Қызметтің жеке бағыттар және жоспарының орындалуын көрсетуге тиісті
Анықтама мен қорытындылар түсіндірме хаттан айырмашылығы олар жетіспеушіліктер анықталған резервтерді өндіріске енгізуді нақты көрсету кезінде қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |