Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі


ЕСТУ, СӨЙЛЕУ, КӨРУ АНАЛИЗАТОРОАРЫН АЛДЫН АЛА САҚТАУ ШАРАЛАРЫ



бет13/14
Дата10.11.2023
өлшемі2,35 Mb.
#190702
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс-кешені (3)

14. ЕСТУ, СӨЙЛЕУ, КӨРУ АНАЛИЗАТОРОАРЫН АЛДЫН АЛА САҚТАУ ШАРАЛАРЫ.
14.1 Оқу гигиенасы
14.2 Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
14.1 ОҚУ ГИГИЕНАСЫ
Адам кiтап оқығанда не қағаз жазғанда олардың көзден алыстығы 30-35 сантиметрден кем болмауы тиiс. Көздiң көру қабiлетiн сақтау үшiн әр уақытта бұл алшақтықты ұкыпты сақтап отыру қажет. Ал бұл қашықтық адам жатып оқығанда бiрқалыпты сақтамайды. Ол үнемi өзгерiп тұратындықтан, көз бұршағы өзінің сындырғыш күшін әр түрлi қашықтыққа бейiмдеп отыруға мәжбүр болады. Бұдан көз тез талып, онда әр түрлi кемістіктер пайда болуы мүмкiн. Сондықтан балаларға жатып оқуға ешқашан да жол бермеу керек.
Тамақ үстінде оқуда көзге күш түсіреді. Өйткені, бұл жағдайға газетке, кітапқа жеткілікті жарық түспейді және кітапты, газетті көзден бірқамыпты қашықтыққа ұстауға мүмкіндік болмайды. Осының бәрі көзге зақым келтіреді. Сондай-ақ тамақ үстінде оқу асқазанға да зиян, одан асқазан сөлі де аз бөлінеді. Соның салдарынан тағамның адамның бойына сіңуі де баяулайды.
Егер оқу үшiн жарық мөлшерi жеткiлiктi, кiтаптың, газеттiң немесе т. 6. көзден алыстығы тиісті қашықтықта болса, онда ересек адам басын тiк ұстап (жастықты биiк салып), арқасымен жатып (шалкасымен емес!) оқуына болады. Ал бір жағымен қырындап жатып окуға рұқсат етiлмейдi.
Автомобильде, трамвай-троллейбус үстінде кiтап, газет оқу көзге зақым келтiредi. Өйткені, бұл жағдайда оқитын газет, журнал, кiтап үнемi қозғалыста болатындықтан әрiптер де дiрiлдеп, көздiң тор қабығына әсер етедi, сөйтiп бұдан оған зақым келуi мүмкiн. Ал поезда, пароходта самолетте отырып оқығанның көзге зияны жоқ. деуге болады.
Оқушы балаларға арқасымен не бір жағымен қырындап жатып оқуға ешқашан да жол бермеу керек. Өйткенi, балалардың көз құрылысы әлi өсіп жетiлмегендiктен бұған икемсiздiк байқатып, жатып оқыса көз алмасының мөлшері өзгерiп, көру қабiлетi тез төмендейдi.
Балалар бақшасындағы сурет, мүсін салу, кесте тігу, ойыншйқ жасау арқылы жүргізілетін сабақтарда көз ге ауырлық түспес үшін әр 25-30 минут сайын 5-10 минут үзіліс жасап отыру керек.
Телевизор қарағанда оның көзге зиян келтірмеуі үшін адам өзінің қандай қашықтыққа отыруы тиіс екенін білуі керек. Телевизор экранынан адамның отыратын орны 2,5-3м қашықтықтан кем болмай, экранның ортасы отырған баланың көз деңгейіне сәйкес болғаны жөн. Өйткені адам бұдан жақын жерде отырса, экрандағы әр түрлі сызық жолдарының «жыпылығы» көз алмасын тітіркендіріп, көздің тор қабығына зақым келтіреді.
14.2 КӨЗ ЗАҚЫМДАНҒАНДА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ
Көзі жарақаттанған адамға медитциналық жәрдем неғұрлым тез көрсетiлсе, көздi сақтап қалу солғұрлым оңайға түседi. Аурудың басқа түрлерi сияқты көз зақымына да алғашқы жәрдемдi медицина қызметкерлерiнiң көрсеткенi орынды.
Ал, көз ауыр жарақаттанғанда, көзге бiрдеңе түскен болса, оны алып тастаймын деп әуре болмау керек. Берiнен бұрын екi көздi де немесе екi жағынан бірдей үтектелген таза шүберектен таңып қойыңыз. Содан кейін науқас адамды ретi келсе жедел машинамен емханаға немесе ауруханаға жеткiзу керек. Себебі адамның көзi ауыр жарақаттанса, оның миының да шайқалуы ықтимал.
Ал, кейбiр жағдайларда медицина қызметкерлерi келгенше жанында жолдасы болса, жолдасы немесе өзiне өзi шұғыл көмек көрсете берлуi керек. Кей жағдайда, жақын жерде медицина қызметкерлерi болмаса көзге түскен шөп-шалаң, қиқым - сиқым, тағы сондайларды алу едiстерiн әркiмнiң білгенi жөн. Қөздiң үстiне түскен заттар көбiнесе үстіңгі қабақтың астында түрады. Оны алу үшiн үстiңгi қабақтың кiрпiктер өскен жиегiнен ептеп ұстап тұрып «төмен қара» деп алдына қарай тарта қабақты жоғары қарай айналдыру керек. Содан кейiн алдын ала дайындап қойылған, сүйiрлеп бүктелген кiшкене таза шүберекпен, немесе мақтамен көзге түскен бөгде затты алып тастауға болады..
Көз жарақатынан сақтандыру шарасы жалғыз медицина қызметкерлерiне ғана емес, сонымен бiрге кәсiподақ, ұйымдарынан бастап барлық қоғамдық ұйымдарға, кәсiпоiрын басшылары мен балалар мекемелері қызметкерлерiне, педагогикалық мекемелерге, мұғалiмдерге де үлкен мiндет болып жүктеледi.
Қорыта айтқанда, көз — ең нәзiк, ең күрделi мүше, оны үнемi күтiп, сақтай бiлiңiз, көз — өмiр айнасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет