Дәріс кешені глоссарий (анықтама, сөздік)



бет4/6
Дата23.01.2022
өлшемі31,88 Kb.
#113324
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03cd0131-589b-11e5-884b-f6d299da70eeлекция

Дәріс мақсаты: Озоносфера проблемасы, озон тсіктері туралы түсінік беру. 

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 


  1. Озоносфера туралы түсінік. 


  2. Озонның стратосфера және тропосферадағы функциясы және маңызы. 


  3. Озон молекуласының бұзылу механизмдері. 


  4. Озон қабатын қалпына келтіру жолдары.




Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Озоносфера туралы түсінік. Атмосферадағы оттегі мен озонның табиғи балансы. Оттегінің фотодиссоциациясы. Озонның стратосфера және тропосферадағы функциясы және маңызы. Қысқатолқынды ультракүлгін сәуленің тірі ағзаларға әсері. Озон бүлдіргіш газдардың шығу көздері. Озонбүлдіргіш газдардың: фторхлоркөмірсутектердің, активті гидроксил ионының, азот газдарының озон молекуласын бұзу механизмдері. Озон қабатының қазіргі жағдйы. Озон қабатын қалпына келтіру жолдары - жаңа ғылыми ізденістер.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. Озоносфера туралы түсінік. 


  2. Озонның стратосфера және тропосферадағы функциясы және маңызы. 


  3. Озон молекуласының бұзылу механизмдері. 


  4. Озон қабатын қалпына келтіру жолдары.




Негізгі әдебиеттер: 1-11

Қосымша әдебиеттер: 12-21


11-тақырып. Гидросфераның экологиялық химиясы. Гидросфера құрамы, табиғи және ауыз су тазалығын сипаттайтын көрсеткіштер.

Дәріс мақсаты: Гидросфераның экологиялық химиясы. Гидросфера құрамы, табиғи және ауыз су тазалығын сипаттайтын көрсеткіштер туралы түсінік беру

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

Гидросфера құрамы. Су объектілерінің классификациясы. Табиғи және ауыз су тазалығын сипаттайтын көрсеткіштер. Сарқын су проблемасы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Гидросфера құрамы. Су объектілерінің классификациясы. Жер асты және жер беті сулары. Криосфера туралы түсінік. Су сапасын нормалау көрсеткіштері: ШРК, ШРТ, СЛИ және т.б. Табиғи және ауыз су тазалығын сипаттайтын көрсеткіштер. Судың өзін-өзі тазарту қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер. Сарқын сулар проблемасы. Сарқын суларды тазартуда қолданылатын жаңа технологиялар.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. Су объектілерінің классификациясы. 


  2. Табиғи және ауыз су тазалығын сипаттайтын көрсеткіштер. 


  3. Сарқын суларды тазартуда қолданылатын жаңа технологиялар.




Негізгі әдебиеттер: 1-11

Қосымша әдебиеттер: 12-21


12-тақырып. Эвтрофикация туралы түсінік.

Дәріс мақсаты: Эвтрофикация туралы түсінік беру

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 


  1. Биогенді элементтердің гидросфераға келіп түсу жолдары. 


  2. Судың гүлденуі немесе эвтрофикация туралы түсінік. 


  3. Эвтрофикацияның экологиялық салдары. 




Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Су ластағыштарын үш түрге бөлуге болады. 

Химиялық ластағыштар: қышқылдар, сілтілер, тұздар, мұнай және мұнай өнімдері, ауыр металдар, пестицидтер, тыңайтқыштар, диоксиндер, органикалық қосылыстар: фенол, фосфор, азот және синтетикалық беттік активтік заттар. (СБАЗ)

Биологиялық ластағыштар: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және басқа да ауыру тудырғыш ағзалар.

Физикалық ластағыштар: радиоактивті элементтер, жүзгіндер, жылу, құм, саз, шылан (ил), су шөгінділері.

Судың тыңайтқыштармен ластануы. Биогенді элементтердің гидросфераға келіп түсуінің басқа жолдары. Биогенді элементтердің жинақталуы. Оттегін биологиялық тұтыну және оттегін химиялық тұтыну. Судың температуралық ластануы. Судың гүлденуі немесе эвтрофикация туралы түсінік. Эвтрофикацияның экологиялық салдары. Суда анаэробты жағдайларда жүретін химиялық реакциялар. Эвтрофикация табиғи және антропогендік болуы мүмкін. Антропогендік эвтрофикация N , P тыңайтқыштары, жуғыш заттар, мал шаруашылық қалдықтары, атмосфералық аэрозольдердің суға түсуінен болады және ол табиғи эвтрофикацияға қарағанда тез жүреді. Антропогендік эвтрофикация кезінде гидробионттардың трофикалық тізбегі немесе байланыс құрылымы өзгеріске ұшырап, фитопланктон биомассасы күрт өседі, су гүлдеп, оның сапасы және гидробионттардың тіршілік жағдайы өзгереді. Кумуляциялық (жинақтау) қабілеті болғандықтан олар трофикалық тізбектің ең басында тұратын адам ағзасында жинақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет