Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет6/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
дәріс

Электрон бұлтыатомдағы электронның күйін (қозғалысын) сипаттайтын кванттық механикалық моделі. Осы модельге сәйкес, жылдам қозғалатын (106 – 107 м/с) электрон атомның шектелген өлшеміндегі (бұлттың нақты шекарасы болмайды және оның тығыздығы біркелкі емес) кеңістіктің кез келген нүктесінде орналасуы мүмкін.
Берілген электронның орналасу ықтималдығының басым бөлігі ( 90%) атомдық орбиталь (АО) деп аталады. Сутек атомы ( ) үшін электронның орналасу ықтималдығы – атомның шартты түрдегі радиусы болып табылатын ядродан 0,053 нм қашықтық. Басқа атомдар үшін шартты түрде электронның сыртқы энергетикалық деңгейде максимал орналасуына сәйкес келетін радиус қабылданған.
Ядродан әртүрлі қашықтықта орналаса отырып, электрондар өзінің энергетикалық деңгейіне сай келетін электрондық қабат түзеді, сондықтан оларды энергетикалық деңгейлер (n) деп те атайды.
Деңгейлерді ядродан бастап (1-ден 7-дейін) нөмірлейді немесе латын бас әріптерімен: К, L, M, N, O, P, Q белгіленеді.



n мәні 1 2 3 4 5 6 7

Деңгейлердің белгіленуі K L M N O P Q



Орбитальдың өлшемі және энергиясы артады

Химиялық элемент атомындағы энергетикалық деңгейлер (n) саны осы элемент орналасқан период нөміріне тең.


Мысалы:III период элементі; сәйкесінше, магний атомының 12 ē электроны үш энергетикалық деңгейде айналады; – VI период элементі; сәйкесінше, барий атомының 56 ē электроны алты энергетикалық деңгейде айналады.
Әрбір энергетикалық деңгей (біріншіден басқасы) деңгейшелерге бөлінеді, бұл бір-бірінен энергиялары бойынша ерекшеленетін, бірдей деңгей түзетін электрондармен байланысты.
Деңгейшелер латынның s, p, d, f кіші әріптерімен белгіленеді. Әрбір деңгейше атомдық орбитальдың (АО) белгілі бір санынан тұрады: s үшін – 1АО, p – 3АО, d – 5АО және f – 7АО; бұл жағдайда бір АО-да екі электроннан артық электрон болуы мүмкін емес.
Энергетикалық деңгейде орналасқан электронның максимал саны аяқталған деңгейі деп аталады. Сыртқы деңгейдің аяқталуы үшін 8 ē (n=1 үшін 2 ē ) қажет.
Энергетикалық деңгейдегі электронның (Nē) максимал саны мына формула бойынша анықталады: Nē = 2n2, мұндағы n – период нөмірі.
Мысалы:
n = 1, Nē = 2 (s2);
n = 2, Nē = 8 (s2p6);
n = 3, Nē = 18 (s2p6d10);
n = 4 (5,6,7), Nē = 32 (s2p6d10f14), себебі барлығы төрт деңгейше бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет