Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Қазіргі кезде ядросының оң заряды бойынша бір-бірінен ерекшеленетін атомдардың 114 түрі, яғни 114 химиялық элемент белгілі



бет2/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
дәріс

Қазіргі кезде ядросының оң заряды бойынша бір-бірінен ерекшеленетін атомдардың 114 түрі, яғни 114 химиялық элемент белгілі.

Химиялық элемент – ядроларының оң зарядтары бірдей атомдардың түрі.


Яғни, атом – химиялық элементтің материалдық формасы, сондықтан химиялық элементтің қасиетін айту үшін оның атомының толық сипаттамасын білу қажет:

  • аталуы, химиялық таңбасы, ХЭПЖ орналасуы;

  • абсолютті (m°) және салыстырмалы массалары (Аr);

  • ядролық құрылысы мен электрондық қабатының құрылымы, электрондық формуласы;

  • изотоптық құрамы, табиғатта кездесуі мен таралуы;

  • берілген химиялық элементтен түзілетін жай және күрделі заттары;

  • электртерістілік мәні және басқа элементтермен қосылысындағы химиялық байланысының түрі;

  • валенттілік көрсеткіш мәні және тотығу дәрежесі;

  • химиялық қасиеттері.

Химиялық элементтер атомдары тек өте жоғары температурада бір- бірінен бөлек, бос болады. Басқа жағдайларда химиялық элементтер атомдары әртүрлі заттар – жай және күрделі заттар түзе бірігеді.
Зат – атомдар немесе молекулалардың тек бір ғана түрінің жиынтығы.
Жай зат – бір ғана химиялық элемент атомдарынан түзілген зат (инертті газдар, металдар, Si, C, H2 және т.б.).

Аллотропия – бір ғана химиялық элемент атомдарының құрылысы мен қасиеті әртүрлі бірнеше жай зат түзу қасиеті.


4.Химиялық құбылыс. Реакциялардың жіктелуі

Уақыттың өзгеруімен болатын заттардағы барлық өзгерістер – құбылыстар деп аталады, олар физикалық және химиялық деп бөлінеді.


Физикалық құбылыстар – пішіні, өлшемі, агрегаттық күйі өзгеретін немесе атомдардың ядро құрылысы өзгеруі салдарынан жаңа заттардың түзілу құбылыстары.
Мысалы: қыздыру, булау, ұсақтау, механикалық қозғалыс, электр тоғының пайда болуы, ядролық реакциялар және т.б.

Химиялық құбылыстар (химиялық реакциялар) – бір зат бастапқы құрамы, құрылысы және қасиеті жағынан өзгеше екінші бір затқа айналатын құбылыстар. Мысалы: тотығу, жану, тот басу, ашу және т.б.


Тақырыпты бекіту:
Тесттер
1
Химияның стехиометриялық заңдары:
A) Фарадей заңы
B) Эквиваленттер
C) Массаның сақталу
D) Периодтық заң
E) Термодинамика
2
Бөлшектердің тотығу дәрежелері өзрегеді реакцияларда:
A)
B)
C)
D)
E)
3
Күрделі заттар:
A) Ас тұзы
B) Алмаз
C) Күкірт
D) Озон
E) Графит
4
Массасы 0,2 г натрий гидроксидіндегі молекулалар саны:
A)
B)
C)
D)
E)
5
Массасы 110 г көміртек (IV) оксидіндегі молекулалар саны:
A)
B)
C)
D)
E)
6
Орын басу реакциясы:
A)
B)
C)
D)
E)
7
Бертолет тұзының (формуласын белгіле) 245 г алу үшін жұмсалған гидроксид пен хлордың зат мөлшері:
A) алты моль сілті
B) он екі моль хлор
C) он екі моль сілті
D) калий перхлораты
E) калий хлориты
8
Агрегаттық күйі бірдей заттар қатысады реакцияға:
A)
B)
C)
D)
E)
9
реакция түрі:
A) Орын басу
B) Қосылу
C) Бейтараптану
D) Айырылу
E) Тотығу
10
Қосылу реакциясы болып саналады:
A)
B)
C)
D)
E)

Сұрақтар




  1. Сутектің периодтық жүйеде бірінші және жетінші негізгі топшаларда орналасуы неліктен?

  2. Сутек табиғатта қандай қосылыстар түрінде таралған, оның физикалық қасиеттері қандай?

  3. Сутектің химиялық қасиеттері қандай?

  4. Сутекті зертханада және өнеркәсіпте алу реакцияларының теңдеулерін жазыңыз?

  5. Су табиғатта қайда кездеседі және оның қандай маңызы бар?

  6. Судың молекуласының пішіні және физикалық қасиеттері қандай?

  7. Судың химиялық қасиеттері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

2 Дәріс. Атомның құрылысы.Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (ХЭПЖ)









Атом құрылысы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет