2.2 Кванттық сандар
Атомның орбиталі мен электрондарын сипаттау үшін кванттық сандар қолданылады. Атомдағы әрбір электрон өзінің төрт кванттық сандарының жиынтығымен (бас n, орбиталь ℓ, магнит mℓ, спин mS) сипатталады.
Бас квант саны (n) – электронның энергиясы мен электрон бұлтының өлшемін сипаттайды: бас квант санының мәні жоғары болған сайын электрон энергиясы және электрон бұлттарының өлшемі соғұрлым жоғары болады.
Бас квант саны период нөміріне тең, n = 1 7.
Сонымен, n – энергетикалық деңгей санын анықтайды.
Орбиталь квант саны (ℓ) – электрон бұлтының (орбитальдің) кеңістіктік конфигурациясы мен бір деңгейдегі электрондар энергиясының мәндерінің өзгешелігін сипаттайды.
Сонымен, s-АО шар пішінді, p-АО созылған сегіздік пішінді (гантель тәрізді), d–АО төрт жапырақ пішінді (екі айқасқан гантель тәрізді), f–АО неғұрлым күрделі пішінді болады. Орбитальдар пішінінің күрделене түсуімен АО энергиясы өседі.
Орбиталь квант саны (ℓ) деңгейшелер санына тең және мына формула бойынша есептеледі: ℓ = n – 1, мұндағы ℓ = 0 3:
ℓ=0 s – деңгейшесі деп аталады, деңгейше саны = 1;
ℓ=1 p – деңгейшесі деп аталады, деңгейше саны = 2;
ℓ=2 d – деңгейшесі деп аталады, деңгейше саны = 3;
ℓ=3 f – деңгейшесі деп аталады, деңгейше саны = 4.
Осы деңгейшелерде орналасқан электрондар, сәйкесінше, s-, p-, d-, f-АО түзетін s-, p-, d-, f-электрондары деп аталады. Демек, ℓ – деңгейше санын анықтайды. Мысалы: екінші деңгейдің p– деңгейшесі үшін n = 2, ℓ = 1.
|