Бір немесе бірнеше атомдар тобының бөлінбеген электрондық жұбы (доноры) бар лигандтары және бос орбиталы (акцепторы) комплекс түзуші болады. Мысалы: Na2[Zn(OH)4] (Zn2+ –акцептор, OH‾ – донорлары).
Сутектік байланыс– сутек атомы мен электртерістігі күшті элементтер (F, О, N) атомдарының арасында түзіледі. Мысалы: H2O, HF.
Полюсті молекулалардағы (немесе топтардағы) сутек ионының (Н+) радиусы кіші, сыртқы электрондық бұлты жоқ. Олар электртерістілігі күшті басқа атомның электрондық жұбымен донорлы-акцепторлық механизм бойынша қосымша сутектік байланыс түзе отырып әрекеттеседі.
Сутектік байланыс түзілу үдерісі мына түрде сипатталады (әрбір сутектік байланыс үш нүктемен бейнеленген):
Н ¾ О . . . Н ¾ О . . . Н ¾ О
| |
Н Н
Сутектік байланыс молекулааралық (әр түрлі молекулалар арасында) және молекула ішіндегі (бір молекуланың екі тобының арасында) деп бөлінеді. Молекулааралық сутектік байланыстың түзілуі қайнау және балқу температурасының, тұтқырлығының жоғарылығымен ерекшеленетін ассоциаттар макромолекуласының (ақуыздар, аминқышқылдар) түзілуіне әкеледі.
Мысалы: Тқайнау (H2O) = 1000С, ал Тқайнау (H2S) = – 600С;
Тқайнау (HF) = 190С, ал Тқайнау (HCl) = – 840С.