Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері



Дата30.12.2021
өлшемі18,41 Kb.
#106884
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілеріның түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір жағынан –азаматтың, екінші жағынан –мемлекеттік органның арасында туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы төлеу кезінде құқықтық қатынастар отбасы мен мемлекеттің арасында туындайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады:

  1. жеке тұлға (немесе отбасы)

  2. мемлекеттік органдар

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:

  • ҚР азаматтары

  • Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда –отбасы

  • Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік азаматтар

  • Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып әлеуметтік қамсыздандыруға қатыстьы қатынастардың қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандырушылық құқық субъектілікке ие тұлғалар табылады.

Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Олардың құқық субъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен тұрады, бұлардың туындау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері –жеке тұлғалардың арасында қарт адамдар, жүйке ауруына шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласында өкілдік иниституты дамыған.

2.Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері болып әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар. Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдық емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады.

Оларға мыналар жатады: зейнетақы, жәрдемақылар, өтемақылар жатады.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықты байланыстырады. Оларға мыналар жатады:



  • процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері –бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттері. Бұларсыз материалдық құқықтық қатынастарды, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды төлеуді немесе өзге де қызметтер көрсетуді не жеңілдіктерді белгілеуді жүзеге асыру мүмкін емес.

  • процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері –бұл жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдаумен байланысты әрекеттер.

Әлеуметтік қамсыздандыру  саласындағы құқықтық қатынастардың элементтері

 

Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың элементтеріне мыналар жатады:



· құқықтық қатынастардың субъектілері;

· құқықтық қатынастардың объектілері;

· құқықтық қатынастардың мазмұны;

· 15 құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері (заңды фактілер).

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері

 

Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың түрлерін екі негіз бойынша түрлерге бөлуге болады: әлеуметтік қамсыздандырудың түріне байланысты және құқықтық қатынастардың әрекет ету мерзімі бойынша.



Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудың түріне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

· азаматтарды  ақшалай нысанда қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұлар – азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етуге қатысты туындайтын құқықтық қатынастар;

· азаматтарға  заттай нысанда көмек көрсетуді  қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұл – азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген негізде нақты бір тауарлар мен қызметтер түрінде ұсынылатын көмек.

Мысалы, жеңілдікпен  ұсынылатын дәрі-дәрмектер, дәрігерлік қызметтер және т.б.

· процедуралық немесе процессуалдық сипаттағы  көмектер көрсету бойынша құқықтық қатынастар. Бұл – заңды мәні бар фактілерді анықтауға байланысты туындайтын (мысалы, мүгедектік немесе асырауында болу фактісін анықтау) немесе азаматтың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша  құқықтарын жүзеге асыруға байланысты (мысалы, құзыретті органдардың жәрдемақы, өтемақы немесе зейнетақыларды төлеу жөніндегі шешімі) құқықтық қатынастар.

 Құқықтық  қатынастар субъектінің – құқыққабілетті  азаматтың құзыретті органдарға  заңды фактіні анықтау туралы  өтініші арқылы (мысалы, жасының  келуіне байланысты зейнетке шығу құқығы) немесе бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шағымы арқылы (мысалы, тиесілі өтемақыны төлемеу бойынша)  ерік білдіруі негізінде туындайды. Мұндай жағдайда, екінші субъект – мемлекеттік орган заңды фактіні немесе мәселенің түгелдей заңды құрамын анықтауы және істің мәні бойынша шешім қабылдауы тиіс.

Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудың түріне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

· міндеттерді  бір мезетте орындағаннан кейін тоқтатылатын қысқа мерзімді құқықтық қатынастар (мысалы, бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы төлеу және өзге де біржолғы жәрдемақылар);

· уақыттағы күшінің мерзімі дәл анықталған құқықтық қатынастар.

Бұлар, мысалы, асыраушысынан айырылған жағдайда зейнетақы төлеу.

Мұндай зейнетақы  кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа  толғанға дейін, ал осы тұлға оқу орнында оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді; · жүзеге асыру мерзімі анықталмаған құқықтық қатынастар. Бұлар – жасына байланысты зейнетақыларды, еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге және т.б. қатысты құқықтық қатынастар.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері

 

Әлеуметтік  қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар субъектілерінің түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір жағынан – азаматтың, екінші жағынан – мемлекеттік органның арасында туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы төлеу кезінде құқықтық қатынастар отбасы мен мемлекеттің арасында туындайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады:



1. жеке тұлға (немесе отбасы);

2. мемлекеттік  органдар.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:

· Қазақстан Республикасының азаматтары;

· асыраушысынан  айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда – отбасы;

· егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік азаматтар;

· егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Байқағанамыздай, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастардың қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне қатысты әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықсубъектілікке ие тұлғалар табылады.

Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Олардың құқықсубъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен тұрады, бұлардың туындау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.

Мысалы, туғанынан мүгедек болған тұлға 16 жасқа дейін әлеуметтік зейнетақыны беруге қатысты құқықтық қатынастардың субъектісі бола отырып, тек құқық қабілеттілікті иеленеді. Мұндай құқықтық қатынастарға оның атынан ата-аналары, қорғаншысы және қамқоршысы қатысады. Жеке тұлғаны құқық қабілетті және әрекет қабілетті деп таныған жағдайда ғана ол құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.

Құқық қабілеттілік ретінде тиісті заңды фактілер туындаған жағдайда белгілі бір құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті танылатыны белгілі. Құқықтар мен міндеттерді иелену қабілетін бұлайша тануды мемлекет белгілі бір жағдайларда жүзеге асырады: мысалы, тұлғаның жасына, ересектігіне, психикасының жағдайына байланысты. Мұндай жағдайлардың бар немесе жоқ болуына орай тұлға өзі немесе өкілдері арқылы белгілі бір құқықтарды және өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болу міндетін жүзеге асыруға қабілетті деп танылады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес барлық азаматтар  әлеуметтік қамсыздандыру саласында  құқық қабілетті, яғни әлеуметтік қорғану  құқығына ие. Алайда, бұл құқық жаспен, мүгедектікпен, асыраушысынан айырылуымен, еңбекке уақытша жарамсыздықпен, жұмыссыздықпен байланысты. Яғни, бұл жағдайлар белгілі бір тұлғаның әлеуметтік қамсыздандыру құқығын иелену құқығына алғышарттар болып табылады.

Сонымен қатар, құқық қабілеттілікке қатысы бар қосымша жағдайлар да болады. Оларға, мысалы, мыналар жатады: еңбек стажы, ана болу және өзге де жағдайлар: басқа тұлғаның асырауында болу, еңбекке қабілетінен айырылу. Басқаша айтар болсақ, зейнетақы алуға құқық еңбек стажына немесе жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жарналарға, қандай да бір қоғамға тәуелді қызметті орындауға, әскери қызметке, жоғары оқу орнында оқуға және т.б. тәуелді болады.

Аталған жағдайлардың барлығы өз жиынтығында белгілі  бір тұлғаны зейнетақының, жәрдемақының және т.б. белгілі бір түріне құқылы деп тануға әкелуі мүмкін. Басқаша айтар болсақ, бұл белгілі бір тұлғаны әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде тану.

Сонымен, құқық қабілеттілік – бұл тұлғаның құқықтық қатынастардың субъектісі болуының және әлеуметтік қамсыздандыру саласында белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленуінің мемлекетпен танылған мүмкіндігі.

Заң әдебиетінде әрекет қабілеттілік ретінде тұлғаның өз әрекеттері (өкілсіз) арқылы құқықтар мен міндеттерді дербес орындау (жүзеге асыру) қабілеті танылады. Қазақстан Республикасында әрекет қабілетті ретінде соттың белгіленген тәртіп бойынша оны әрекет қабілетсіз деп тану туралы шешімі шығарылмаған кез келген тұлға танылады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әрекет қабілеттілікті тұлға құқық қабілеттілікпен бір мезетте, яғни әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастарға түскенде иеленеді. Басқаша айтар болсақ, азаматтар әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың әртүрлі түрлеріндегі өз құқықтары мен міндеттерін әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарына түскенде, белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектік орын алғанда және т.б. жағдайларда жүзеге асыруды бастайды.



Бұл ретте ескеретін  бір жайт, әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілерінің шеңбері өз ерекшеліктеріне ие. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері – жеке тұлғалардың арасында қарт адамдар, жүйке ауруына шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласында өкілдік институты дамыған. Кәмелетке толмаған балалардың, сонымен қатар белгіленген тәртіпті әрекет қабілетсіз деп танылған тұлғалардың құқық қабілеттілігі қорғаншылармен, қамқоршылармен, өзге де өкілдермен (туыстары, ата-аналары, балалар үйлерінің, сәбилер үйінің, интернат мекемелерінің  басшылығы және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет