Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет40/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
дәріс

Комплексті қосылыстар кристалл торларының қиылысында күрделі бөлшектер орналасқан, электр бейтарап немесе қарама-қарсы зарядталған иондардың бір атомымен (немесе ионымен) координациялануы есебінен құрылған, заттың балқыған немесе еріген күйге ауысуы кезінде дербес күйінде болатын заттар.
Мысалы: Na2Zn(OH)4]  2Na+ + Zn(OH)4]2

Бірінші ретті қосылыстар (мысалы СН4, СО2) арасында координациялық немесе комплексті деп аталатын жоғары ретті қосылыстардың электростатикалық, сондай-ақ донорлы-акцепторлық өзара әрекеттесулері комплексті қосылыстардың түзілуіне әкеледі.


Сонымен, комплексті қосылыстарковалентті байланыспен алмасымдық және донорлы-акцепторлық механизмдер бойынша түзілген қосылыстар.
Комплексті қосылыстардың құрылысы мен қасиеті швейцария химигі А. Вернер (1893 ж.) жасаған координациялық теориямен түсіндіріледі. Чугаев, Черняев, Гринбергтің еңбектері үлкен үлес қосты. Осы теорияға сәйкес комплексті қосылыстарды ішкі (координациялық) және сыртқы сфераға бөледі.
Ішкі сфераның бөлшектері бір-бірімен берік байланысқан және квадрат жақша ішіне алынатын өзіндік комплексті ион түзейді. Комплексті ионның құрамына лигандтар (аддендтар) деп аталатын комплексті қосылыстың ішкі сферасын бірге түзейтін, иондармен немесе бейтарап молекулалармен байланысқан комплекс түзуші кіреді.
Комплекс түзуші валенттілікпен (зарядтылықпен) және лигандтар санын көрсететін координациялық санмен сипатталады.
Комплексті қосылыстың ішкі сферасынан тыс орналасқан иондары сыртқы сфераны құрайды.
Na2Zn(OH)4] комплексті қосылысының координациялық құрылысы:



Сыртқы сфера Ішкі сфера


Na2Zn(OH)4] Координациялық сан

Комплекс түзуші (акцептор) Лигандтар (донор)

Типтік комплекс түзушілерге (комплекстің ядросы) d – элементтердің және бос атомдық орбиталі (акцепторлары) бар, периодтық жүйенің кейбір р – элементтері металдарының иондары жатады.


Мысалы: [Ag(CN)2], Na[Al(OH)4]

Бөлінбеген жұп электроны (донорлар) бар маңызды лигандтарға жататындар:


а) дипольдік сипаты бар бейтарап молекулалар: H2O, NH3, CO;
б) иондар: CN‾ , NO2‾ , Cl‾ , Br‾ , I‾ , OH‾ , CO32‾, S2O32 .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет