Дәріс кешені мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»


Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу



бет4/14
Дата09.02.2022
өлшемі28,42 Kb.
#131151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
15 тақырып электив
Медбикелік іс негіздері пәнінен тест жинағы, Бас қаңқасы, Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары, Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары, Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары, Аллергияға қарсы дәрілер, Қабынуға қарсы дәрілер, 8 Миометрияға Әсер Ететін Дәрілер, 125 1 тақырып, стандарт казақша, 15 тақырып электив, 15 тақырып электив, 15 тақырып электив, 14 тақырып электив
Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу – диспепсиялық шағымдар деп аталады. Диспепсия дегеніміз – ас қорыту дәрісінің бұзылуы. Кекірік дегеніміз – кенеттен ауыздан ауаның шығуы. Бұл ауа кекірігі, асқазанның бұлшық еті жиырылғаннан пайда болады. Ауа кекірігі атмосфералық ауаны көбірек жұтып қалғаннан да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кекірік жағымсыз иісті болады. Мұндай кекірік асқазан кеңейіп, тамақ іркіліп тұрып қалғанда байқалады. Қыжылды кекірік көбінесе асқазан сөлі көп бөлінгенде білінеді. Қыжылдау - төстің тұсында күйіп тұрған сезімнің болуымен сипатталады. Бұл кез – келген ауруларда асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда байқалады. Жүректің айнуы – рефлекторлық акт, кезеген жүйкенің тітіркенуімен байланысты. Жүрегінің айнуы гастрит, асқазан қатерлі ісігінде болады.
Көбінесе жүректің айнуы терінің бозғылттануымен, жалпы әлсіздікпен, терлеумен, аяқ – қолдың мұздауымен бірге кездеседі. Бұл жағдайда құсық болуы мүмкін. Асқазан ауруларында жүрек айнудың ерекшелігі көбінесе тамақтан кейін байқалады. Жүрек айну жиі асқазанның сөлденістік жетіспеушілігінде білінеді. Көбінесе жүректің айнуы құсықпен қатар жүреді. Құсу әр түрлі жағдайда болады (гипертоникалық кризде, инсульт, мидың қатерлі ісігінен асқорыту органдарының ауруларында). Асқазан жара ауруларымен ауыратын науқастарда құсықтан кейін жағдайлары жақсарады.
Дерт анықтамасын жүргізгенде құсықтың түріне, түсіне, құрамына назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет