Мейірбикенің мақсаты:құсықтың басталған уақытын, тағаммен байланыстылығын, көлемін, иісін, түсін, қанның, сапранның барлығын анықтау. Егер құсық үнемі тоқталмайтын болса, пациент әлсізденуі, жүректің, бүйректің жұмысының бұзылуы болуы мүмкін. Уақытымен көмек көрсетпесе (әсіресе есін білмеген жағдайда) құсық дем жолдарына тіреліп аспирациялық пневмония немесе тұншықтыруға әкеліп соғады.
Құсу кезінде көмек
Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:
1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;
3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;
4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;
5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.
Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:
1. Науқасты бір бүйіріне жатқызу (егер науқастың қалпын өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын - тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады).
2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;
3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;
4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).
Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай :
1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;
2. Дәрігер шақыру;
3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.
Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |