Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет2/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

3. Дәріс тезистері.
Фармакотерапия – дәрілерді клиникалық қолдануда зерттейтін пән. Фармакотерапияның негізгі міндетіауруды емдеу, асқынуды басу, алдын-алу немесе симптоматикалық көмекті көрсету болып табылады.
Фармакотерапияның келесі түрлері бар:

  • Этиотропты (ауру себебін жою).

  • Патогенетикалық (ауру патогенезіне, оның даму механизміне әсер ету). Оның түрі – орынбасушы терапия (ағзада өмірлік маңызды заттардың жетіспеушілігін орнын толтыру).

  • Симптоматикалық (аурудың жекеленген синдромдарымен симптомдарын жою).

  • Профилактикалық (жедел үрдістің дамуын немесе созылмалының асқынуын алдын-алу).

  • Жалпықуаттандырғыш (ағзаның адаптациялық жүйенің бұзылған үзбелерін алдын-алу).

Патология жағдайында адам ағзасына дәрілік заттардың әсер етуін клиникалық фармакология зерттейді.
Пәннің мақсаты: ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдау әдістемесін немесе дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, фармакогенетикасын, фармакоэкономикасын, бір-бірімен әсерлесу білімін ескере отырып, олардың қиыстырылуын жағымсыз дәрілік реакцияларын, дәлелді пән ұстанымдарын үйрету.
Пәннің міндеттері:

  • фармакотерапиямен клиникалық фармакологияның жалпы ұстанымдарын үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикалық параметрлерін бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакодинамикалық әсерлерінің әдістемесін үйрету;

  • дәрілердің жанама эффектілерін болжауды және бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының бір-бірімен қарым-қатынасымен бір-бірімен қамтылуын түсінуді үйрету;

  • дәрілік препараттардың бір-бірімен болуы мүмкін әсерлесуін бағалауды үйрету;

  • әртүрлі жасты топтарда (қарт, жас бала және жасөспірім жас), сонымен бірге жүкті әйелдерде қолданатын дәрілердің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын бағалауды үйрету.

Жаңа дәрілік заттар жасап шығру және сынақтан өткізу процесінде мынандай этаптардан өтеді: биологиялық активті заттарды іздеу және жасап шығару, оның фармакологиялық белсенділігімен улылығын зерттеу жолымен анықтау, дайын дәрілік түрді жасап шығару және сынақтан өткізу, клиникалық сынаулар жүргізу және тиісті денсаулық сақтау мүшелерімен бекітілуі.
Сараптама мүшесі, дәрілік, диагностикалық және профилактикалық мақсатта қолданатын заттардың сынақтан өтуіне және қолданылуына жауап беретін фармакологиялық комитет болып табылады.
Фармакологиялық комитеттің құрамына медицинаның әртүрлі саласындағы жоғары мамандырылған мамандар, сонымен бірге басқа да аралас фармация, химия, биология ғылым қызметкерлері кіреді.
Фармакологиялық комитеттің негізгі мәселеллері:

  • жаңа фармакологиялық заттардың мүмкіншіліктерімен клиникалық сынақтан өту жарамдылығына рұқсат алуын анықтау мақсатымен эксперименттік зерттеулер қорытындысына баға беру

  • клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру

  • сынақтан өткізілетін препараттың медициналық практикада қолданылуы керек болатындығын анықтау үшін жүргізілетін клиникалық сынақтардың қорытындысына баға беру

  • тиімділігі аз және улы дәрілік заттарды Мемлекеттік реестрден шығарып тастау мақсатында дәрілік заттардың номенклатурасын қайта қарау

Фармакотерапияны экономикалық бағалаудың міндеттері:

  • емдеу профилактикалық мекемелерінде әртүрлі ауруларды емдеуде дәрілік заттарды қолдану тиімділігімен сапасының анализі

  • дәрілердің өзара әсерлесуін ескере отырып, тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерийлерінің оптимальды –клиникалық және экономикалық жолын өңдеу

  • ауруларға хаттамалар жүргізу (емдеу стандарттары). Өмірге маңызды дәрілер тізімімен емдеу профилактикалық мекемелерінің дәрілік заттар формулярын құрастыру үшін дәрілік заттарды таңдауда оптимизациялау тұжырымдамасы

  • Денсаулық сақтауда стандартизация жүйесінің нормативтік құжаттарын актуализациялаудың фармакоэкономикалық тұжырымдамасы

  • медициналық қызметтің экономикалық сипаттамасымен сапа көрсеткіштерін бірдей өзара байланысты бағалауды өңдеу тұжырымдамасы

ΧΧ ғасырдың 90 жылдарының басында ұсынылған дәлелдерге негізделген медицинаны нақты науқасты емдеуді таңдау үшін клиникалық зерттеулердің нақты нәтижелерін адалдылықпен, дәл орнықты қолдануды негіздейді. Бұл жол дәрігерлер қателік санын азайтуға, практикалық дәрігерлер, емдеу мекемелердің басқамаларымен заңгерлер үшін шешімді қабылдау процесін жеңілдетуге, сонымен бірге денсаулықсақтауға шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Фармакоэкономика әдісіне жатады:

  • минимальды шығын анализі

  • шығынның пайдасының анализі

  • шығын мен шешімінің анализі

  • шығын эффектісінің анализі

Формулярлы жүйе – бар ресустарды оптимальды қолдану және медициналық көмекпен максимальды жоғары сапада қамтамасыз ету мақсатында дәрілерді қолданумен қамту үнемді әдістерін қолдануды қамтамасыз ететін денсаулықсақтаудағы басқару әдістемелерінің кешені.
Формулярлы жүйені қолданудың тиімділігі: қауіпсіз және әсері жоқ дәрілерді алып тастау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет