Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)


Жарғақтың тосқауылы және матриксті қызметтері



бет34/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

Жарғақтың тосқауылы және матриксті қызметтері
Егер адамдарда глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіз болса, олар күшті тотықтырғыш қасиеті бар дәрілік заттарды қабылдамаулары керек. Науқастар тағамдық рационнан қызыл қарақатты, конский бобты шығарып тастау керек, нафталинмен байланыспауға тырысу керек. Каталазаның жетімсіздігінде асқын тотықтың бейтараптануы бұзылады. Аталған айқын энзимопатия қызыл иектің рецидивті жаралануы мен атрофиясымен, ауыз қуысының және мұрын жұтқыншақтың гангренасымен, тістердің түсуімен білінеді. Ең бірінші рет акаталазияны япон отоларингологы Такахара жазған. 11 жастағы қызда ауыз қуысын сутектің асқын тотығымен шайған соң молекулалық оттектің көпіршіктері пайда болған жоқ, ал қанның түсі қоңыр- қара түсті болды. Акаталазиямен ауыратын науқастар этил спиртінің тотығу жылдамдығының азаюынан алкоголды ішімдіктерге жоғары сезімталдық қасиетке ие. Керісінше метил спиртімен уланғанда ағзадағы бұзылыстар аз байқалады, себебі метанолдың формальдегидке айналуы баяулайды. Жасырын энзимопатияға қандағы псевдохолинэстеразаның ақауы жатады. Бұл фермент гликопротеиннен тұрады және күрделі эфирлердің (миорелаксант дитилин, жергілікті анестетиктер кокаин, новокаин, дикаин, анестезин) гидролизін католиздейді. Атипті псевдохолинэстераза дитилинді баяу гидролиздейді, сондықтан бұл миорелаксанттың әсерінен тыныс бұлшықеттерінің салдануы және тыныстың тоқтауы 6-8 минуттан 2-3 сағатқа дейін созылады. Атипті псевдохолинэстеразаның тұқым қуалауы рецессивті түрде жүреді. Атипті псевдохолинэстеразаны хирургиялық операциялар кезінде дитилинді қолдана отырып анықтайды. Өзіндік тыныс алу болмаған жағдайда бұл миорелаксанттың әсер ету мерзімінен соң қандағы псевдохолинэстеразаның белсенділігін анықтайды және өкпенің жасанды вентиляциясын ары қарай жалғастырады. Науқастың көк тамырына қалыпты ферменттің белсенділігі бар донор қанын немесе псевдохолинэстераза препаратын енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет